Сенбі, 23 Қараша 2024
Көкжиек 1874 1 пікір 9 Қазан, 2023 сағат 12:56

Nobel Fest: Әлем ғалымдары қандай мәлімдемелер жасады?

Қазақстандағы барлық ғылым әуесқойлары мен жанкүйерлері асыға күткен Nobel Fest аяқталды. Әлемдік ғылымның жетекшілері – Нобель сыйлығының лауреаттары, «Серпін» (ғылыми Оскар) сыйлығының иегерлері, зерттеушілер, әзірлеушілер, футурологтар және басқа да прогресс жасаушылар Қазақстан халқымен жүздесу үшін әлемнің түкпір-түкпірінен жиналды.

Футуролог, инновациядағы ТОП-3 ықпалды ғалымдардың бірі (Wired), «Технология адамға қарсы» бестселлерінің авторы Герд Леонгард жасанды интеллект туралы өз пікірімен бөлісті.

«Эмоциялар, шығармашылық, эмпатия, жанашырлықтың көрінісі - мұның бәрін жасанды интеллект түсінеді, бірақ ол формальды түрде ғана түсінеді, алайда сезбейді. Мен күнделікті жұмыс істей алатын роботтардың болғанын қалаймын, компьютерлердің жанашыр болғанын, сезінгенін, олардың мен болғанын көргім келеді. Біз нені адам жасайтынын және роботқа нені сеніп тапсыруға болатынын анықтауымыз керек», - деді ол.

Аризона университетіндегі жерді және ғарышты зерттеу кафедрасының негізін қалаушы профессоры және «Origins» жобасының құрметті директоры Лоуренс Краусc былай деді:

«Ғалам біз үшін және біздің осында болуымыз үшін жаратылған жоқ. Ғалам - физикалық құбылыстардың белгілі бір тізбегінің нәтижесі. Біз осы ғаламда өмір сүреміз, өйткені біз осы жағдайларда өмір сүруге бейімделгенбіз. Біз жұлдыздар, галактикалар, ғаламдар және адамдар арасындағы өзара әрекеттестіктің арқасында өмір сүреміз. Біз бұл жерге кездейсоқ келдік».

Силикон алқабының білгірі, Foreign Policy журналының 100 жаһандық ойшылдарының бірі Вивек Вадхва Nobel Fest сессиясында болашақ туралы айтып берді.

«Біздің денемізде жағдайымызды үнемі бақылайтын сенсорлар болады. Ол дененің ішінде ішкі ағзаларымыздың күйін өлшейді. Бұл өзгерістер алдағы 10 жылда жетіле түседі», - деді ғалым.

Ол сондай-ақ Қазақстанға мынадай ұсыныстар айтты:

«Қазір нағыз революцияның уақыты – барлығы дерлік тегін және таза энергиямен жұмыс істейді. Бұл үдерістер Қазақстанға да ықпал етеді, сондықтан сіздер инновацияны өте жылдам енгізулеріңіз керек. Ғарыштық зерттеулер, Айға туристік сапарлар - бұл жұмыстардың барлығы үнемі және жүйелі түрде орындалуы тиіс. Соңғы 100 жылда бізде керемет өнертабыстар болды. Біз ең ұлы уақытта өмір сүріп жатырмыз», - деді ол.

Фестиваль барысында тарихи мәселелер де көтерілді.

Бұл бағытта «Аспандау» ғылыми-білім беру қоры басқармасының мүшесі, «Ақ-Орда. Қазақ хандығының тарихы», «Соңғы батырлар дәуірі», «Қазақстан мен Ресей» және «Бабалар жолы» сияқты тарихи кітаптардың авторы Радик Темірғалиев баяндама жасады.

«Қазақтың рулары мен тайпалары – Қазақстанның дамуы мен жаңаруына жақсы жағынан ықпал ете ме, әлде теріс жағынан ба? Жалпы, адамдардың рулық ынтымақтастығы негізінде шешім қабылдауында жақсылық жоқ. Бірақ екінші жағынан алып қарасақ, кез келген әлеуметтік құбылыстың жағымсыз қасиеттері де, жағымды қасиеттері де бар. Өзінің шыққан тегіне деген қызығушылықтан микропатриотизмнен үлкен патриотизм туады. Ал, жалпы қазақ қоғамының бізді қазақ ететін қыры да осы», - деді ол.

Минерва университетінің құрметті ректоры Бен Нельсон кәсіпкерлерді қалай дұрыс оқыту керектігін әңгімеледі.

«Жақсы кәсіпкер – қоршаған ортаны бақылайтын, басқалар көрмеген нәрсені көре алатын адам. Кәсіпкер ненің жағымсыз әсер ететінін түсінуі және мұндай жағдайды болжай алатын түйсігі болуы керек. Бізге білім беру жүйесін реформалау қажет. Ол тек сынақтан өтуді үйретіп қана қоймай, экономиканың қозғаушы күші, драйверлері кәсіпкерлерге қажетті дағдыларды беруі тиіс», - деді ол.

Марина Арефиева, «LERNA» жобасының HRD – Қазақстандағы Skillbox, Geekbrains, SkillFactory өкілі, еңбек нарығындағы талаптардың қалай өзгеретіні туралы айтып берді.

«Болжамдар бойынша 2025 жылға қарай қызметкерлердің 50% қайта даярлаудан өтуі тиіс. Ең сорақысы, менің ойымша, 6% өз кәсібін толығымен өзгертуге, яғни қызмет саласын ауыстыруға мәжбүр болады. Біліктілік талаптарының 40% өзгереді. Ал егер біз мамандық таңдап, оны өте өзекті және сұранысқа сай игере алсақ, онда жаңа құбылыс, жаңа парадигма пайда болады. Бұл шеберліктің өмір сүру ұзақтығы. Сіздің мамандығыңыз жоғары техникалық болса да, сіз қолданатын дағдылар тез бұзылады. Тагретолог немесе контекстолог сияқты мамандықтарды айтпағанның өзінде 2,5 жылдан кейін олардың барлық білімінің жартысы қажетсіз болып қалады», - дейді сарапшы.

Еске сала кетейік, фестиваль қонақтары ғылыммен қатар өнерді де тамашалады. Nobel Fest кезінде танымал қазақстандық пианист Ратовичтің концерті өтті.

Анықтама үшін:

Nobel Fest – халықаралық EdTech платформасы. Фестивальдің басты мақсаты – қазақстандықтарды білімге, ғылымға жəне инновацияға баулу. Nobel Fest жыл сайын 100 елден 500 000 қатысушы мен 500 университеттің басын қосады, жан-жақты білімнің ұзақ мерзімді дамудағы жəне жарқын болашақты қалыптастырудағы рөлі туралы талқы алаңына айналады.

Білім, ғылым жəне инновацияларды дамыту бойынша Нобель фестивалінің миссиясын отандық жəне халықаралық ұйымдар, оның ішінде фестивальдің бас серіктесі, Қазақстанның ең ірі қоғамдық қорларының бірі "Altyn Qyran Foundation", бас білім беру серіктесі - Орталық Азиядағы негізгі оқу орындарының бірі - М.Əуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті кеңінен қолдайды, стратегиялық серіктестер - YPO Kazakhstan Қазақстанның ең ықпалды бизнес клубы, сондай-ақ Qamalladin University жаңа форматтағы университет, ресми серіктес - Platonus білім беру компаниясы, Kinopark кинотеатрлар желісі, BI Group компаниясы, BI Education, сессия серіктесі - С.Өтебаева атындағы Атырау мұнай жəне газ университеті.

Бас медиа серіктестер қатарында Halyk Uni Media, Қазақстанның жетекші медиа- агенттігі - Qamalladin media, Орталық Азиядағы адамдар мен жобалар туралы прогрессивті басылым - WeProject, , Skillbox онлайн-платформасы, ресми жарнама серіктесі – MYD бар.

(Суреттерді Nobel Fest ұйымдастырушылары ұсынды)

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1466
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3241
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5385