Қазақстанның шығысындағы ең шалғай елді мекенінің тұрғындары тұңғыш рет отандық телеарналардың хабарларын көре бастады
Өскемен. 7 қыркүйек. ҚазТАГ – Хабар таратушы қондырғыны орнатудың арқасында ШҚО-ның және республиканың шығысындағы ең шалғай елді мекені тұңғыш рет қазақстандық «Хабар» және «Қазақстан» телеарналарының хабарларын көре бастады.
ШҚО-ның Қатон-Қарағай ауданының әкімдігінен хабарлағандай, ауданның елеулі бөлігі қатынауы қиын, Ресеймен шекаралас тайгалық аймақта орналасқандықтан, жергілікті 20 елді мекен отандық телеарналарды ешқашан көре алмаған. Қазақстандық Белуха бөктеріндегі спутниктік антенналар тек ресейлік арналардың сигналдарын ұстайды екен.
Жергілікті тұрғындардың республикада болып жатқан оқиғалар туралы хабардар болып отыруы үшін ШҚО әкімі Бердібек Сапарбаевың тапсырмасымен Мемтелехабар таратудың облыстық бөлімшесі ауданда хабар таратушы станцияның құрылысын бастаған. Осындай алғашқы мұнара ШҚО-ның және бүкіл республиканың ең шығыс елді мекені – Аршатыда орнатылды. Оның іске қосылуымен ауыл тұрғындары «Хабар» мен «Қазақстан» сияқты отандық екі телеарнаның хабарларын көре бастады. Қатон-Қарағай ауданының тағы 19 елді мекені өз кезегін күтіп отыр.