Жұма, 22 Қараша 2024
Жаңалықтар 3436 0 пікір 19 Тамыз, 2013 сағат 12:44

Қазақстан экспортын кім шектеп отыр?

Жақында ғана Қазақстанның экспорттық әлеуеті артқан елдер қатарына қосылғанына куә болдық. Сөйтсе де соңғы кездері отандық өнімдердің экспортын шектеп отырғандар бар екен. 

Бұл туралы Экспортерлер кеңесiнiң IX отырысы барысында ҚР Премьер-министрiнiң орынбасары, Индустрия және жаңа технологиялар министрi Әсет Исекешев мәлімдеді және тиісті министрліктерді жұмылдыруға тапсырма берді. 

Мәселен, Өзбекстанға сатылатын ұнның акциз салығы қолдан ұлғайтылған. Алғашқыда 10 пайызға, кейін 15 пайызға дейін көтерілген. Бұл қисынсыз қымбаттату. Акциз қымбатшылығы өткен жылдың күз мезгілінде де талқыланған. Өзбек тарапы ұнның сатылу көлемі күрт төмендеген жағдайда келіссөздер жүргізіп, аталмыш мәселені шешуге даяр екендіктерін жеткізді. Бұған дейін бұл мәселе екіжақты келісімдердің ешқайсысында да ескерілмеген. Ал республикамыздың астық өңдеу одағының президенті Евгений Кан «Биыл өткен үкіметаралық комиссия отырысында маған өзбек тарапынан мұндай келісім жасалмағанын айтқан болатын», – деп отыр. 

Жалпы акциз салығы дегеніміз – тұтыну тауарларының және көрсетілетін қызметтердің бағасына қосымша салынатын салықтың бір түрі. Республикада өндірілген және сырттан келетін тауарларға, бәсеке бизнесіне акциз салынады. Сапасы мен бағасы жақын тауарларға,  ортақ белгілеріне қарай жіктелетін тауарларға салынатын ажыратылған акциз, сұрыптарының бағасы әртүрлі деңгейдегі бірыңғай тауарларға арналған орташа акциз түрлері бар. 

Былтыр Өзбекстанға 1 миллион 216 мың тонна ұн сатылған. Ал биыл – 709 мың тоннаны құрап отыр. Бұл дегеніңіз, ұн экспортының 45 пайызға қысқарғанын көрсетеді. Бұған себеп – акциздердің қымбаттауы деп отыр Исекешов мырза. 

Евгений Канның мәлімдеуінше, ұн тартатын кәсіпорындардың төрттен бір бөлігі жұмыс істемей тоқтап қалғандықтан, қазақстандық тауарлардың экспорттық мүмкіндіктерін шектейтін елдерге қатысты қарама-қарсы шаралар қабылдау қажет деп отыр. 

Ал «KAZNEX INVEST» АҚ баспасөз қызметінің таратқан ақпараттарына көңіл бөлсек, Өзбекстан Республикасы 2013 жылдың мамыр айында өз тауар өндірушілерін қолдау мақсатында қаулы қабылдап, импорттық өнімдердің 45 аталымына акциз салығын енгізген. Бұл тауарларға салынатын акциз көлемі 10-30 пайыз аралығында. Ал Түркіменстандағы акциз салығының мөлшері 40 пайыздан 70 пайызға бір-ақ секірген. Бұл ретте Түркіменстаннан Қазақстанға әкелінетін тауарларға салынатын акциздің 15 пайыз екендігін ескерсек, олардың тауарына салықты еліміз едәуір қымбаттатуына болар еді. Өзбек ағайындардың бұл экономикалық шешімі ерсі-ақ. Әсілі, бұл мемлекеттер өз өндірушілерінің өнімдері мен тауарларын ішкі тұтынуда мықтап орнықтыру үшін жасаған шара болуы мүмкін. Десек те ішкі нарық өз алдына, ал сыртқы экспорт саудасының жөні бір бөлек. Өйткені өзара ынтымақтастық құрған елдердің акциз салығы, болмаса басқа да экспорттық мәселелерді бірлесе шешіп, салық бағасын өзара кеңесіп қоюы міндетті емес пе? 

Бұл келеңсіздіктерді реттеу үшін Әсет Исекешов өндірушілердің ұсыныстары мен шағымдарын тыңдады. Нәтижесінде бұл мемлекеттерге қатысты «қарама-қарсы» шара қабылдау қажет деп шешілді. 

«Экономика, Индустрия және жаңа технологиялар, Ауыл шаруашылығы министрлiктерi бiр аптаның iшiнде бiздiң өнiмдерiмiзге акциздер қолданатын елдерге қарсы қарама-қарсы шаралар ойластыру қажет. Бұл мәселеге қатысты механизмдер қажет, баж салығы көлемi бойынша нақты ұсыныстар жасау керек. Оны Үкiметке шығарамыз. Бiздiң экспорттайтын өнiмдерiмiзге қатысты акциздерді он есе қымбаттату әдiл емес. Бiз тиiстi шараларды қабылдауға тиіспіз», – дедi Исекешев мырза.

Үкімет басшысының орынбасары, Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлiгiне Ауыл шаруашылығы министрлiгiмен бірлесіп, Қазақстанның Өзбекстан мен Түркіменстан елдері арасындағы келiсiмдерін, нормативтiк-құқықтық базаны ескере отырып, Үкiметке қарама-қарсы шаралар туралы тиісті ұсыныстарды шығаруды тапсырды. «Тамыздың соңында бiз бұл мәселенi қарастырамыз. Бiзге толыққанды деректер базасы қажет. Бұл мәселеге Қаржы министрлiгiн, Салық және Кеден комитеттерiнiң қосылуын сұраймын. Бүгiн екi кәсiпорынды ғана тыңдадық, тағы да қандай өнiм түрлерiне қатысты қиындықтар бар екенiн анықтау қажет. Елiмiзге әкелiнетiн, сыртқа шығаратын тауарларымызды, оның iшiнде акциздер салынатын өнiмдердi қарап шығу өте маңызды», – деп түйіндеді Исекешев.

Ақниет Оспанбай

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1463
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3230
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5320