Бірнеше күнге созылған сот отырысына Зурабишвилидің өзі қатыспады. Ол Франция және Германия президенттерімен кездесуді заңды бұзу деп есептемейтінін жеткізген. Грузия президенті Тбилисиге Еуроодаққа мүшелікке үміткер мәртебесін беру бойынша кездесулер жүргізгенін мәлімдеді.
Ел конституциясы мемлекет басшысына үкіметтің рұқсатынсыз сыртқы саясатқа араласуға тыйым салады. Зурабишвили өкілдері шетел лидерлерімен кездесулер, телефон арқылы сөйлесулер, хаттар сыртқы саясатты өзгертуге алып келмесе, жол беріледі деген аргументтерін жеткізді.
Конституциялық сот шешімінен кейін президентке импичмент жариялау бойынша заң парламентте дауысқа қойылады. Президентті қызметінен кетіру үшін 100 депутаттың қолдауы керек. Бұл мәселе екі аптаның ішінде дауысқа салынбақшы.
Оппозициялық партиялардың ішінде Михаил Саакашвилидің "Біріккен ұлттық қозғалысы" импичментке қарсы дауыс беретінін мәлімдеді.
Abai.kz