Жұма, 22 Қараша 2024
Жаңалықтар 4527 1 пікір 28 Тамыз, 2013 сағат 09:18

Алмас Қылыш. Талдықорған жарымжан жарнамаларға толып кеттті...

Елімізде 2013 жылдың 25 сәуірінен өз күшіне енген «Қазақстан Республикасының ономастика мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң бойынша  сауатсыз кәсіпкерлерге  жарнама  мазмұнындағы қателіктері үшін айыппұл салынуға тиісті. Одан бері де  жарты жылға жуықтағанымен әлі күнге  дейін  көшедегі жарнамалар  дұрыс  жазылмай  келеді, тіпті көпе-көрнеу қателіктер асқынып барады деуге болады. Қаланың орталық көшелерінде жүріп, айналаға көз  салсаң  сауатсыз  жарнамалардан  көз  ашпайсың. Қазақ тілінің   ұ, ү, і, қ, ә, ө секілді әріптерінен  жіберілген қателердің өріп жүргендігін былай қойғанда, кейбір сөздің  өзін түсінбей  дал боласың.  Мағынасында мән жоқ,  бұл қандай  масқара  деген ойға да  қаласың.  Оған кімді кінәлаймыз?.. Қазақ тіліндегі  жарнаманың  дұрыс  жазылмауы  мемлекеттігімізге  сын емес пе? Тіл  халықпен  бірге жасап, бірге дамиды,  сондықтан да оған  рухани байлық,  білім мен дүниетаным көзі, адам тағдыры деп қараған жөн. Оны көзіміздің қарашығындай қастерлеп, өсіп-өркендеуіне бірауыздан атсалысуымыз қажет.

Елімізде 2013 жылдың 25 сәуірінен өз күшіне енген «Қазақстан Республикасының ономастика мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң бойынша  сауатсыз кәсіпкерлерге  жарнама  мазмұнындағы қателіктері үшін айыппұл салынуға тиісті. Одан бері де  жарты жылға жуықтағанымен әлі күнге  дейін  көшедегі жарнамалар  дұрыс  жазылмай  келеді, тіпті көпе-көрнеу қателіктер асқынып барады деуге болады. Қаланың орталық көшелерінде жүріп, айналаға көз  салсаң  сауатсыз  жарнамалардан  көз  ашпайсың. Қазақ тілінің   ұ, ү, і, қ, ә, ө секілді әріптерінен  жіберілген қателердің өріп жүргендігін былай қойғанда, кейбір сөздің  өзін түсінбей  дал боласың.  Мағынасында мән жоқ,  бұл қандай  масқара  деген ойға да  қаласың.  Оған кімді кінәлаймыз?.. Қазақ тіліндегі  жарнаманың  дұрыс  жазылмауы  мемлекеттігімізге  сын емес пе? Тіл  халықпен  бірге жасап, бірге дамиды,  сондықтан да оған  рухани байлық,  білім мен дүниетаным көзі, адам тағдыры деп қараған жөн. Оны көзіміздің қарашығындай қастерлеп, өсіп-өркендеуіне бірауыздан атсалысуымыз қажет. Орталық көшелердегі жарнамалар мен көрсеткіш нұсқамалар мен түсіндірмелердің сорақылығы осындай болғанда, , шеткі көшелерде жағдайы мүлде сын көтермесі анық.

Жарнамалар мен көрсеткіш нұсқамалар мен түсіндірмелер шаруашылық іс-әрекетке, тұтынушымен қарым-қатынаста  өте қажет,  олар тауарды сатуға негіз болады, тұтынушыға шешім қабылдауға ықпал етеді, белгілі бір шарадан хабардар етіп, оны насихаттайды. Сонымен бірге тұтыну деңгейінің өсуін реттейді, қоғамның маңызды қажеттіліктерін айқындайды.  Осындай маңызы бар насихат көрнекіліктерінің  мемлекеттік тілде дұрыс  жазылмай, бір ауыз сөйлемнің өзінен көптеген қателерді көргенде қайран қаласың. Агенттіктердегі аудармашылар орыс тіліндегі жарнаманы қазақшаға сөзбе сөз аударып,  солай жазуларын қояр емес. Мемлекеттік тілдегі қате және сауатсыз орындалған жарнамалар тіл жанашыларының  намысын шабақтайды. Кез-келген адам  өз анасын қалай қорлатпайтын болса,  ана тіліне де сондай жанашырлық көрсетулері керек. Оқысаң тілің күрмелетін, қазақ тілін келемеждеген қателіктерді кім түзейді?

Алысқа ұзамай-ақ  Мәселен,  Талдықорған қаласының  орталығындағы мына бір дүкеннің маңдайшасында  қарапайым орфографиялық қате көзге түседі.  Дүкеннің атауын айқайлап айтып тұрған   «Жаңа»  сөзіндегі «ң» әріпінің орнына «н» делініп, қате жазылған. 

 №1 сурет. Осы сынды  қазақша әріптерден жіберілген қате  келесі  жарнамада да кездесті. Орталықтағы  тағы бір дүкенде  «Нурсипат азык-түлік дукені»  деген үлкен маңдайша ілінген.  Мұнда бірден  үш  қате жіберілген.  «Нұрсипат» сөзіндегі  «ұ» әріпін «у» алмастырса,  «азық» сөзіндегі  «қ» әріпінің орнына  «к»  жазылған.  «Дүкені» сөзіндегі  ү-нің орнын  «у»   басқан.

№2 сурет. Кейбір жарнама парақшаларында  әріптер артық жазылған. Мұнда бірінші афишадағы «өнімдер» сөзінде «өніммдер» «м» әрпі артық болса, екінші афишада «қызмет»  сөзінде  «қызымет» делініп «ы» әріпі  артық көрсетілген.

№ 3-4 сурет. «Beeline»  байланыс желісінің жарнамасында  «Модем» сөзіне көптік жалғау дұрыс жалғанбаған.  Мұндағы «дер» көптік жалғауының орнына «лер» деген  жалғау түскен. «Модемлер» сөзін оқығанда не күлеріңді, не жыларыңды білмейсің.

№5 сурет. Келесі бір жарнаманың мазмұны тіпті түсініксіз көрінді.  «Ұялы телефон қызмет көрсетулер орталығы» деп жазылған.  «Орталық» атанып жүрген бұл мекеменің жарнамасы біздіңше, «Ұялы телефондарға қызмет көрсету орталығы» деп жазылуы керек еді.  Сондай-ақ бұл жарнамада «Тәулікбойы» сөзі бірге жазылған.

№6 сурет. «Евразия»  сауда кешенінің маңдайшасындағы афиша қатеден көз ашпайды. Онда бір емес бірнеше жерден өрескел қателер кеткен.  Біріншіден жоғарыда айтылып кеткендей, шылаулар сөздерден бөлек жазылмаған.  Мәселен «таптыңыз ба?», «жоғалттыңыз ба?»  деген сөздерде  бұл ереже ескерілмеген. Сондай-ақ  «жоғалттыңыз ба» деген сөзде «л» әрпі артық жазылған, яғни «жолғалттыңыз ба?» делінген.

№7 сурет. «Қуырдақтың көкесін түйе сойғанда көресің»  демекші,  қала орталығындағы аяқ киім сататын  шетелдік  дүкеннің кіре берісіндегі әйнекте  жазылған сөзден  түк түсінбедік.  «ӘРГЕНІМ ҮРДЕСІНЕ ҚАТЫС»  деп жазылған жарнаманы жұртшылықтың бірі болмаса бірі түсінген болар деген үмітпен ары-бері ағылған халықты әңгімеге тартып әлек болдық.  Өкінішке орай, бұл жарнамадан ешкім де ештеңе ұқпағанын айтты. Енді,  дүкен сатушыларының көмегіне сүйенуге мәжбүр болдық.  Олар  бұл сөздің орысшасы «ОКУНИСЬ В ДИЗАЙН - ПРОЦЕСС» сөзі екендігін айта келе, аудармадан қате кеткендігін мәлімдеді.  Жақын арада бұл жарнаманың  мүлдем алынып тасталынатынын айтып, уәде етті.

№8 сурет. Сауатсыздығымыздан ба, әлде жауапсызсыздығымыздан ба осындай өрескел қателердің орын алуына жол беріліп келеді. Осы тақырыпқа орай  жіберіліп отырған олқылықтардың алдын алу үшін қандай жұмыстардың атқарылып жатқандығын білу мақсатында Талдықорған қалалық  Мәдениет және тілдерді дамыту бөліміне  бірнеше мәрте хабарласып, ешқандай жауап ала алмадық.  «Сен саларда,  мен салар, атқа жемді кім салар» демекші, қалалық тіл бөлімі ұйықтап отырса, сұрау салғанға жауап бермесе, енді кімнің есігін қағамыз?

Алмас Қылыш, Алматы облысы.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1463
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3230
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5320