Дүйсенбі, 7 Қыркүйек 2026
2932 7 пікір 31 Қазан, 2023 сағат 14:25

Смайылов шахтағы апаттар туралы: «Бірінші кезекте кәсіпорын басшылығының кінәсі»

Үкімет отырысында Премьер-Министр Әлихан Смайылов Қазақстан шахталарында еңбек қауіпсіздігі сақталмайтынын сынады. 

«Мемлекет басшысы Костенко шахтасында кеншілердің қаза болуына байланысты тергеу жұмысын жүргізіп, «АрселорМиттал Теміртау» компаниясымен инвестициялық ынтымақтастықты тоқтатуды тапсырды. Осындай апат биыл тамыз айында да болған. Ол кезде 5 шахтер қаза тапты. Көп адамның өліміне әкеп соққан апат өндірістегі қауіпсіздік талаптарының сақталмауына тікелей байланысты. Бұл – бірінші кезекте кәсіпорын басшылығының кінәсі», - деді Үкімет басшысы.

Айта кетейік, 28 қазанда Қарағанды облысындағы Костенко атындағы шахтада апат болып, кейін 46 адамның қаза тапқаны хабарланған болатын.

Осыған байланысты Қазақстанда 29 қазан — Жалпыұлттық аза тұту күні  болып жарияланды.

Abai.kz 

7 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 925
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2391
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 631
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 609