Жексенбі, 22 Желтоқсан 2024
1582 1 пікір 31 Қазан, 2023 сағат 14:36

Бұрынғы вице-министр Тоқтабаев 7 жылға сотталды

Бұрынғы вице-министр Т. Тоқтабаевқа қатысты қылмыстық істі тергеу шеңберінде мемлекетке Қостанай облысындағы «Шевченковское» бірегей кен орны қайтарылды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің мәліметінше, кен орнында никель (1,075 млн тонна) және кобальт (585,9 мың тонна) қоры бар. Пайдалы қазбалар қорының құны 5,6 трлн теңгеден асады.

"Биылғы 27 қазанда Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының Т.Тоқтабаевқа қатысты үкімі жарияланды. Ол пайдалы қазбалардың ірі қоры бар кен орындарын онымен үлестес тұлғаларға беру кезінде ауыр зардаптарға әкеп соқтырған лауазымдық өкілеттіктерді теріс пайдаланғаны үшін кінәлі деп танылды", - деп жазды Антикордан.

Тоқтабаевқа 7 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды және мемлекеттік қызмет атқару құқығынан, «Ерен еңбегі үшін» мемлекеттік наградасынан айырылып, қымбат мүліктері тәркіленді. Олар:

Алматы қаласы Бостандық ауданы Көкшоқы шағын ауданы мекенжайында орналасқан жер учаскесі;

Алматы қаласы Бостандық ауданы Алматы бау-бақша серіктестігі мекенжайында орналасқан тұрғын үй;
2021 жылы шыққан «Mercedes-Benz Maybach S580 4MATIC» маркалы авто;

2021 жылы шыққан «Bentley Bentayga V8» маркалы авто.

Он үш коммерциялық ұйымның қатысу үлесі.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет активтерді қайтару бойынша жұмысты жалғастыруда.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 1963