Сенбі, 23 Қараша 2024
Деп жатыр 2388 3 пікір 6 Қараша, 2023 сағат 11:41

Бодауын берген Боранбаев бостандыққа шықты

Қайрат Боранбаев бостандыққа шықты. Бұған дейін сот Боранбаевтың жазасының өтелмеген бөлігін бас бостандығын шектеуге ауыстырған еді.

Сотталған кәсіпкер тұрғылықты жері бойынша пробациялық бақылауда болады.

«Бас бостандығынан айырудың өтелмеген бөлігі бас бостандығын шектеу түріндегі жазамен ауыстырылған Боранбаев 6 қарашада бас бостандығынан айыру орындарынан босатылды және тұрғылықты жері бойынша жазасын өтеу орнына барады», – деп хабарлады қылмыстық-түзеу жүйесі комитеті.

Еске сала кетсек, олигарх Боранбаев 15 қыркүйекте 6 жылға сотталған болатын. Оған «Қылмыстық құқық бұзушылыққа сыбайлас қатысушылардың түрлерi» (28-бап, 5-бөлік,), «Сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемдену» (189-бап 4-бөлік 2-пункт) және «Қылмыстық жолмен алынған ақшаны заңдастыру» (218-бап 3-бөлік) баптары бойынша айып тағылып, мүлкі тәркіленді.
Алайда қамауда жатқан Боранбаев жақсы тәртібімен көзге түсіп, түзеу мекемесінің әкімшілігі оның мерзімінен бұрын босату туралы өтінішін қолдаған.

Сонымен қатар, Қайрат Боранбаев білім беру қорына 30 миллиард теңгеден астам қаражат аударып, фитнес-орталығын, сауда орталығын, кеңсе ғимараттарын, сондай-ақ мұнай кен орнын, зауыт пен газ компаниясын мемлекетке тапсырды.

Осылайша ол түрмеге қамау жазасынан құтылып, бас бостандығын шектеу жазасына ауыстырылды.

Abai.kz

3 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5371