Сәрсенбі, 27 Қараша 2024
Билік 2823 45 пікір 17 Қараша, 2023 сағат 15:27

Қытайлық инвестор: Киік етін өңдейміз, бізге жер керек...

Қытайлық инвесторлар киік етін өңдеуге қызығушылық танытып отыр. Олар жабайы жануарды қолға үйретіп, етін өңдеп шығаратын зауыт салуға БҚО-дан жер сұраған.

Бұл туралы облыс әкімі Нариман Төреғалиевтың Астанада орталық коммуникациялар қызметіне берген ақпаратынан белгілі болды.

«Біз қазір инвестор іздеп жатырмыз. Қытай бола ма, басқа бола ма, бізге инвестор жақсы шартпен келсе қабылдаймыз. Екі ай бұрын Қытайдан азаматтар келді, өз ойын айтты. Жер тауып берсеңіздер, киіктерді қолға үйретіп, болашақта үлкен зауыт салып, киік етін өңдеуге, жалпы мал етін өңдеуге қатысты терең өңдеу жұмысын қамтитын жоспар барын айтты. Біз оларға өз шартымызды қойдық. Жер тапқан жағдайда біріншіден компания біздің облысқа тіркелуі керек, яғни салық бізге түсуі керек. Жұмыс істеуге жергілікті халық алынуы керек және өз мойнына алған шарттарын орындауы керек. Бұлар орындалмаса, жерді кері қайтару жөнінде алдын ала уағдаластық болды. Егер олар біз айтқан шартқа келіссе, жұмыс қолға алынады. Оның қаржы жағы да әлі шешілмеген», - деді Н. Төреғалиев.

Облыс әкімі инвестор қай елден келсе де, ең бастысы пайданы көретін өз халқымыз екенін айтты. Сонымен қатар, әкім жада жануарының етін, терісін өз күшімізбен өңдейтін мүмкіндік жоқ.

«Қазір ірі қара және және басқа малды сойып жатырмыз. Оның терісін қайда жіберіп жатырмыз? Сүйегі қайда жатыр? Ешқайсысын өңдей алмаймыз, пайдаға асыра алмай отырмыз. Кеше келген инвесторлармен сөйлескенде «Қаны, терісі, сирағынан бастап мүйізіне дейін сүйектері қайта кетеді? Осының бәрін өңдейсіздер ме?» деп сұрақ қойдым. Олар бәрін өңдеуге дайын, яғни сондай технология бар. Бізде үлкен зауыттар салынса, өте пайдалы болады. Тіпті малдың қанынан мал азығын дайындауға болады екен. Сүйекті өңдеп, ұн жасап, мал азығына жіберуге болады. Міне, осы мүмкіндіктерді неге пайдаланбасқа?!», - дейді БҚО әкімі.

Abai.kz

45 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1553
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3347
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 6207