Газадағы соғыс: Израиль мен ХАМАС 4 күндік бітім жасасты...
ХХІ ғасырдың сенсациясы – ешкім көзге ілмеген, бірінің мемлекеттігі бар, екіншісінікі жоқ қос ел: Украина мен Құдыстың бес қаруы сай, армиясы әлемдегі ең мықты жарақталған елдер саналатын Ресей мен Израильдің танауын тасқа соқтырулары болды.
Әлемде екінші армия саналған Ресейдің Украинадан жеңілуіне аң-таң болып жатқанда, Құдыстық ХАМАС 1,5 жарым айдан аса уақыт бойы АҚШ-тың күлшелі баласы Израильге дес бермей ақыры дегеніне көндіріп тынды. Иә, көндіріп тынды дейтініміз Катар СІМ-і соғысушы екі жақты келіссөз үстеліне отыруға көндіруге қам жасап жатқанын мәлімдеді.
ХАМАС басшысы Исмаил Хания «Reuters-ке» кеше: «Құдыстық топ Израильмен уақытша бітім жасауға дайын», - деп мәлімдеді.
Өз кезегінде ХАМАС өкілі Иззат эль-Решик «Al-Jazeera» телеарнасына берген сұхбатында: «Осы мәлімдеменің немен тынатыны жақын арада мәлім болуға тиіс», - деп хабарлады.
Бұл келісім бойынша оккупациялық түрмелердегі құдыстық балалар мен әйелдер еврей әйелдері мен баларына алмастырылатын болады.
Ал бүгін Израиль мен ХАМАС бес күндік бітім жасасқанын Катар билігі мәлімдеді. Келісім бойынша: ХАМАС Израильдік 50-дан аса тұтқынды босатады. Газада 4 күнге ұрыс қимылдары тоқтатылады. Ал Израиль Палестиналық тұтқындарды босатады.
ХАМАС бұл келісімді растады. «Израильдік 50 тұтқынға (әйелдер мен балалар) Израиль түрмелеріндегі Палестиналық 150 тұтқын (әйелдер мен балалар) алмастырылады», - деді.
«The Hill» басылымы Байден Израильге Газаны атқылауы мен бомблауын доғаруға бұйырық беруге тиіс дегенді алға тартады. Осылайша Газада төрт күндік атысты тоқату келісімі жасалды.
Арнайы үкімет отырысы 6 сағаттан аса уақытқа созылып, билеуші коалицияға жататын Қаржы министрі Бецалель Смотрич бастаған оңшыл радикалдық партия «Діни сионизм» және лидері Ұлттық қауіпсіздік министрі Итамар Бен-Гвир саналатын «Жөйіт күші» партиялары қасарасып бағып, «ХАМАС-пен еш келісімге келу мүмкін емес» деп айтса да, ақыры келісімге қол жеткізілді.
«Ynet» ақпараттық порталы: «Жөйіт күші» партиясынан шыққан министрден басқалары жақтап дауыс берді», -деп жазады.
«The Times of Israel» порталы: «Кабминнің тұтқындағы Құдыстықтарды босатуды ресми құптауына қатысты кейбіреулерінің босатылмауына қарсы шығатын қоғамдық күштердің сотта шағынуы үшін 24 сағат уақыты бар», - деп жазады. Және бұл келісім бейсенбі күні күшіне енеді.
Премьер-министр Биньямин Нетаньяхудың кеңсесінің мәлімдемесінде:
«Израиль үкіметі барлық тұтқындағылардың өз үйлеріне оралуын қалайды. Бүгін кешкісін осы бағыттағы жұмсатарын бастайды. Соған байланысты 4 күн ішінде ұрланған 80 әйел мен бала бостан болып, олар тұтқынан босатылатын 4 күн ішінде атыс-шабыс тоқтатылады... Қалған он адамның бостатылуы үшін тағы бір күн оқ атылмайды. Осы тұтқын алмасу біткен соң соғыс қимылдары одан ары жалғаса түседі...
Израиль үкіметі, Израиль қорғаныс Армиясы және қауіпсіздік күштері барша тұтқындарын босатып, Құдыстық радикалды қозғалысты (ХАМАС) толық жою үшін және Израиль мемлекетіне Газа жақтан еш қауіп төнбеуі үшін соғысты жалғастырады», - деп айтылады.
Abai.kz