Сенбі, 23 Қараша 2024
46 - сөз 2672 0 пікір 23 Қараша, 2023 сағат 14:07

2029 жылға дейін Ауыл шаруашылығы кооперациясын дамытуға 1 триллион теңге бөлінеді

2022 жылғы 20 қарашада Қазақстанның суперпрезиденттік басқару нысанынан президенттік басқару нысанына түпкілікті көшуін белгілеген Қазақстан Республикасы Президентінің тарихи сайлауы өтті.

Сайлауда Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев айқын басымдықпен жеңіске жетті. Қазақстандықтар Президенттің саяси және әлеуметтік-экономикалық реформалардың ойластырылған кешенін қамтитын дәйекті саясатына бір ауыздан қолдау білдірді.

Олардың ішінде азаматтардың ауыл, кент, аудан мен қала әкімдерін тікелей сайлауы, партиялық және сайлау заңнамасын ырықтандыру сияқты жаңалықтар бар. Мысалы, саяси партияларды тіркеудің сандық шегі 40-тан 5 мың адамға дейін, сондай-ақ партиялардың Мәжіліске өту жолағы 7-ден 5% - ға дейін төмендетілді, ҚР Парламенті Мәжілісіне сайлау кезінде партиялардан кандидаттар тізімінде әйелдер, жастар және мүгедек азаматтар үшін 30% квота заңнамалық түрде белгіленді, норма көзделген депутаттық мандаттарды бөлу кезінде осы квотаны міндетті есепке алу қарастырылды.

Қ. Қ. Тоқаев 2019 жылы Қазақстан халқына өзінің тұңғыш президенттік Жолдауында алғаш рет «халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын ұсынды, сол арқылы мемлекет азаматының мүдделері негізге алынды және мемлекеттік органдардың қоғаммен өзара іс-қимылының тиімді тетігі құрылған мемлекеттің дәйекті саяси трансформациясының бағыты белгіледі.

Президентіміздің барлық Жолдауларында, сөйлеген сөздерінде Әділетті Қазақстан құру идеясы қоса өріліп жүреді. Қасым-Жомарт Кемелұлы 2022 жылғы қарашадағы сайлауға «Әділілетті Қазақстан – барлығы және әрқайсы үшін. Қазір және мәңгіге» атты сайлауалды бағдарламамен барды.

Президенттің пайымынша Әділетті Қазақстан дегеніміз қала мен ауылдағы өмірдің біртұтас сапасы.

Мемлекет басшысы өз бағдарламасында: «Біз таза су тапшылығы мәселесін толығымен шешеміз, азық-түлік қауіпсіздігін нығайтамыз. Мемлекет ауыл тұрғындарын кәсіби медицина қызметімен қамтамасыз етеді ... Біз ауылда өмір сүру және жұмыс істеу үлкен қалалардағыдай беделді болуы үшін аграрлық секторды жандандырамыз. Фермерлер біздің экономикамыздың дамуының жаңа қозғаушы күшіне айналады», -деп атап көрсетті.

Сондықтан, Президент ұлықтау сөзінде ел Үкіметіне бірінші тапсырма ретінде Қазақстанның ауылдық аумақтарын дамыту тұжырымдамасын әзірлеу мен бекітуді тапсырды. Бұл тапсырманың Президенттің сайлауалды бағдарламасында айтылған «ауылды жедел дамытуға басымдық береміз» деген сөздерден туындағаны хақ.

Қазақстан Республикасының ауылдық аумақтарды дамытудың 2023 – 2027 жылдарға арналған тұжырымдамасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылдың 28 наурызындағы қаулысымен бекітілді. Тұжырымдамада ауылдық елді мекендерді сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мәселесіне ерекше көңіл бөлінді. Мемлекеттік органдар мәліметінше, биылдың басында 1 395 ауыл немесе еліміздің әрбір төртінші ауылында сумен жабдықтау қызметтері болмаған. Тұжырымдамада 2027 жылға қарай 432 ауылда орталықтандырылған сумен жабдықтау құрылысын аяқтау көзделген. Қалған 963 шағын ауыл блок-модульдермен және су тарату қосындарымен қамтамасыз етіледі. Жалпы, 2027 жылға қарай барлық ауыл сумен жабдықтау қызметтерімен 100% қамтылатын болады.

Тұжырымдаманы іске асыру ауылдарда тұрақты жұмыс орындарын құруға, соның есебінен ауылдардағы жұмыссыздық деңгейін 15% - ға және тиісінше табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен ауыл халқы үлесін 20% - ға төмендетуге мүмкіндік береді.

Ауыл тұрғындары үшін Қ. Қ. Тоқаев бағдарламасының:

- ауылдық жерлерде жаппай жұмыспен қамту үшін жағдай жасау;

- ірі жер иелері пайдаланбайтын учаскелерді мемлекет меншігіне қайтару;

- аграрлық секторда салықтық ынталандыруды және заманауи технологияларды, атап айтқанда, суды үнемдеудің тиімді технологияларын енгізу;

- ауыл шаруашылығы кооперативтерін ұйымдастыру бойынша ауқымды жобаны іске асыру тәрізді негізгі тұстары маңызды.

Президенттік бағдарламаның осы тармақтарының барлығы нақты шаралармен нығайтылды. Мысалы, ауылда жаппай жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету және ауыл шаруашылығы кооперациясын дамыту үшін 2029 жылға дейін аталған мақсаттарға 1 триллион теңге бағыттау көзделген. Бүгінде «Ауыл аманаты» бағдарламасы іске асырылуда және оны іске асыруға биыл республикалық бюджеттен 100 млрд теңге бөлінді.

«Жер аманаты» бағдарламасын іске асырудың екі жылында ғана 8 млн. гектардан астам пайдаланылмаған жер мемлекет меншігіне қайтарылды.

Ауыл шаруашылығында екі есе еңбек өнімділігін арттыруды қамтамасыз ету үшін негіз ретінде жаңа суару арналарын салу және жұмыс істеп тұрған суару арналарын қайта жаңарту жолымен елдегі суармалы жерлер ауданын 3 млн. гектарға дейін жеткізу бойынша жүйелі шаралар қабылдануда, су ресурстары және ирригация министрлігі құрылды.

Ауыл шаруашылығы техникасын алу үшін жеңілдікті шарттарды қамтамасыз ету мақсатында бастапқы жарнасыз, жылдық 6% - бен отандық ауыл шаруашылығы техникасының жеңілдікті лизингі бағдарламасы іске асырылуда, оның шеңберінде 872 аграршы лизингке 1 053 бірлік техника, оның ішінде 176 комбайн және 877 трактор сатып алды. «ҚазАгроҚаржы» АҚ арқылы 20 млрд теңгеге жем-шөп жинау техникасының жеңілдікті лизингін қаржыландыру бағдарламасы іске асырылуда, ол бойынша 3 мыңға жуық жем-шөп дайындау техникасын, оның ішінде аспалы және тіркемелі техниканы сатып алу қаржыландырылады.

Президент Қ.К. Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасының мемлекеттің Әділетті Қазақстан құрылысы жөніндегі іс-қимылының нақты және ұзақ мерзімді жоспары екенін жоғарыда келтірілген фактілер айғақтайды. Ал оның қазақстандықтардың ертеңгі күнге деген сенімінің нығаюы мен әлеуметтік жағдайының жақсаруы үшін қолға алынып жатқаны анық.

Серік Егізбаев

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1468
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3243
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5395