Жұма, 22 Қараша 2024
Билік 2005 1 пікір 25 Қараша, 2023 сағат 15:41

Гендерлік зорлық — зомбылыққа қарсы белсенділіктің 16 күні. Аида Балаева не дейді?

Жыл сайын 25 қарашада «Гендерлік зорлық — зомбылыққа қарсы белсенділіктің 16 күні» атты әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты жою үшін халықаралық күрес науқаны басталып, 10 желтоқсанға дейін жалғасады. Аталған науқанды 1991 жылы бірінші жаһандық әйелдер көшбасшылығы институтының белсенділері құрған болатын.

Әлемдегі барлық ұйымдар бұл акцияны әйелдер мен қыздарға қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алуға және жоюға шақыру мақсатында тиімді пайдаланады. Қазақстанда әйелдер мен қыздардың гендерлік теңдігін қамтамасыз ету және олардың құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту мақсатында Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі халықаралық және ұлттық серіктестермен тығыз ынтымақтастық іс-әрекеттер жүргізуде.

Еліміздің Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева: «Бүгін әйелдерге қарсы зорлық-зомбылыққа қарсы халықаралық күн. Бұл дата біздің қоғам үшін несімен маңызды? Мәні неде, тәлімі қандай? Бұл сұраққа жауап қоғамның өзінде жатыр. Өкінішке қарай, еліміздегі әйел затына қарсы жасалған қылмыстар соңғы кезде жантүршігерлік сипат алуда. Ең сорақысы қоғамның бір бөлігі осындай зомбылыққа еті үйреніп, тұрмыстық әдетке ысыра салуға бейім. Ал осы күні таяқ пен қорлықтан, психологиялық, жыныстық тіпті экономикалық тұрғыдан зардап шегіп, өмірін өксітетін мыңдаған әйел кейбіреу үшін тілсіз статистика»,- деді.

2022 жылдан бастап «БҰҰ әйелдер» ұйымымен бірлесіп Қазақстанда гранттарды жүзеге асыру жұмыстары басталды. БҰҰДБ – мен бірлесе отырып әйелдердің құқықтарын құрметтейтін және сақтайтын ұйымдар мен жұмыс орындарында гендерлік сертификаттау бағдарламасы басталды. Агрессорлармен психологиялық жұмыс жүргізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды. Бірінші кезекте ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі мамандардың біліктілігін арттыруға ерекше назар аударды. Нәтижесінде дағдарыс орталықтарының 70 қызметкері, әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының 280 инспекторы, сондай-ақ 5 өңірдің аудандық инспекторлары агрессорлармен жұмыс жүргізу бойынша оқыту курстарынан өтті. «Гендерлік зорлық — зомбылыққа қарсы белсенділіктің 16 күні» халықаралық науқаны аясында Қазақстанда 100-ге жуық іс-шара өткізу жоспарланған.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1463
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3230
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5321