Жұма, 22 Қараша 2024
46 - сөз 2740 9 пікір 1 Желтоқсан, 2023 сағат 15:04

Ғылым мәні неде?

«Дінсіз алған білім дұрыс емес, адам алдымен дінді меңгерсе дұрыс», - дейді көптеген теологтарымыз...

Жақсы, сол жолмен жүрейік бәріміз... Нәтиже қалай болмақ? Онда мына жағдаймен бетпе-бет келеміз:

...Құдай туралы білімді игеруге бір адамның ғұмыры жетпейді. Осы «біліммен» айналысқан адам өмірін осымен өткізеді...

Ол адамнан адамзатқа, қоғамына еш пайда жоқ. Себебі, ғылым мен білім мақсаты Құдайға емес, адамға бағытталған. Адамзат ғылым арқылы жаратылыстың, яғни, тұтас табиғаттың жұмбағын ашады. Сөйтіп, оны адамзат игілігіне айналдырады.

Ондай ғалымға Құдай да разы. Себебі, ол ғалым өзі жаңалық ашқан сайын Жаратушы Құдайдың шексіз тылсымына бір табан жақындай түскен болып саналады.

Ал ғылым мақсатына бірден Құдайды қойған адам - шексіздікте шатасып, Құдай «жұмбағының» маңына да жолай алмайды. Ол өмірін ертегі айтумен, текке өткізеді.

Себебі, ғылым тетігі Құдай туралы кітапта емес, ғылым тетігі - адамның ақылында! Құдай да адамға ақылды сол үшін берді ғой...

Әбдірашит Бәкірұлы,

философ‑публицист

Abai.kz

9 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1464
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3231
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5332