Жұма, 22 Қараша 2024
Жаңалықтар 3967 0 пікір 1 Қазан, 2013 сағат 04:57

Жолдас Әділханов. Эстарда «жұлдыздары» кімге үлгі?..

...«Қолыма еріксіз қалам алғызды ...» -  деп басталатын әңгімелер бар еді ғой бұрында.  Ал қазір пернетақтаны пытырлатып отырып жазамыз  жазғымыз келсе.  Қоғам дамыды, заман озды.  Қойшы әйтеуір, елдің бәрі шулап жатыр, пікір айтып.  Бәрі пікіршіл. Пікірсізін көрмейсің. Бізде «өз құқығымызды» пайдалана отырып өз пікірімізді ортаға салғымыз келді.

... Мені толғандыратын  мәселелер ауқымы  мен маңыздылығы жөнінен өз жасым мен басыма сәйкес келмей ме, әлде, шектен шыққан бөтен ойлы безбүйрек біреумін бе, білмеймін, мен өз қатарластарыммен түсінісе алмай-ақ қойдым. Жасы өзім қатарлы жігіттер мен қыздардың «96 %-ы» мемлекеттік істермен, қазақ қоғамында болып жатқан жағдаймен, әлемдік аураның ахуалымен түк қызықпайтындығын түсінуге менің ақылым жетпей жүр...

...  Әнеубіркүні барлық журналистер мен блогерлерді, қоғамдық пікір айтатын саясаткерлерді (және саясаткерсымақтарды), қысқасы, виртуалды әлемдегі  пікір мен көзқарас иелерін менің ауылыма 1 айға апарып, интернетке қосылатын құрылғылары мен телефондарын алып қою керек деген басыма бір сұмдық ой келді. Сонда олар Астана мен Алматыға оралып қайта жаза бастаған кездерінде «оригинальный» дүниелер жаза  бастайтын секілді. Бұл ойды көктен алғам жоқ. Ислам тарихына қарасақ, сахабалардың: «Соғыс майданында жүргенімізде ниет түзеп алу үшін арнайы уақыт табатын едік» - деген сыңайдағы әңгімесі бар. Дәл сондай етіп біздікілерді «ниет түзеу сапарына» аттандыру керек сияқты. Әйтпесе... көптеген салмақсыз идеялары мен көзқарастарының ендігісі  «иістеніп» барады. Сосын, айтқандары шын өмірдегі істермен қабыспай қап жатыр...

... Қазақты құртса «деді» мен «депті» құртады.  «Пәленшенің Түгеншесі «бүй деді». Ал,  дін ісінде Фулән ибн Фулән «сүйдейді» - лер түбімізге жетпесе екен.  Көп қазаққа білім мен ақпарат керек болмай жүр қазір (себебі,  ел ішін тоғышарлық жайлап барады). Қажет қылғандарының өзі көпе-көрнеу «анау айтты»-ның айналасынан аспайды. Ақпарат пен білімді, түптеп келгенде, түпнұсқадан алуды әдетке айналдыруы қажет. Қысқасы,

«Неге ілім, білімге талпынбайды? / Бәрін біліп туғандай іштен пенде» - деп, заман зарын айтқан Мұхамеджан ағам Тазабековтың ойы мені де көп толғандырып жүр...

Енді негізгі айтпағыма көшейін.

Осы күні жастарға үлгі болар тұлғаларды тек  эстрада «жұлдыздарының» ішінен іздеу әдетке айналып барады. Келісемін, өнер, түптеп келгенде саясаттың үлкен бір саласы. Бірақ әнші, әртісті шектен тыс насихаттау –  елдің ертеңіне балта шабу деген сөз (мен бұл арада сөзінің дәм-тұзы жоқтарды айтып отырмын). Тек танымалдылығы үшін ғана олардың пікірін елге жеткізе беру деген Отанға жасалған опасыздыққа тең.  Себебі, сол насихатты тыңдап өскен ұрпақ жаңағы әртістер секілді «шоулық» өмірге құмартып, өмірге шынайы көзқараспен қарау қасиетінен ажырайды.

Осы орайда, неге мемарналардағы бағдарламаларда  білім мен ғылым жолындағы жастар көптеп сөз алмайды? Неге  қоғамды зерттеп, зерделеп жүрген азаматтар ой айтпайды? Неге халықаралық білім сайыстарында жүлдемен келіп жатқан жігіттер мен қыздар сөйлемейді? – деп дал боласың. Бұл дегенің оның өзін емес, істеп жатқан ісін насихаттау деген сөз. Яғни, идеяны насихаттау

Жоқ әлде, «танымалдың бәрі ақылды» - деген қағида қалыптасқан ба біздің елде? Мен соны түсіне алмай жүрмін.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1462
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3229
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5314