Айдар Қырықбай: «Сақа журналистердің форумын өткізу де ойымызыда бар»
Алматыда үш күнге созылған жас журналистердің дәстүрлі «Қаламгер Азамат» форумы аяқталды. Елдің түкпір түкпірінен Алматыға жиылған жастар аталған форум барысында түрлі конференцияларға, семинарлар мен шеберханаларға қатысты.
Жас журналистер форумның дүниеге келуіне тікелей себепкер болған әрі оның ұйымдастырушысы, «Қаламгер Азамат» қоғамдық қорының жетекшісі Айдар Қырықбаймен (суретте) өткен жиын турасында әңгімелескенді жөн көрдік.
– Айдар, биылғы форумның тақырыбы салмақты болған сияқты. Конференцияларға Асхат Еркімбай, Дінмұхаммед Зиядин, Қарлығаш Мысаева, Артур Нығметов секілді атақты блогерлер мен медиа сарапшылар қатысты. Бұрынғы өткен форумдардан ерекшелігі де көп болғаны байқалады. Бұл форумның жаңа деңгейге өтуі деп түсінеміз бе?
Алматыда үш күнге созылған жас журналистердің дәстүрлі «Қаламгер Азамат» форумы аяқталды. Елдің түкпір түкпірінен Алматыға жиылған жастар аталған форум барысында түрлі конференцияларға, семинарлар мен шеберханаларға қатысты.
Жас журналистер форумның дүниеге келуіне тікелей себепкер болған әрі оның ұйымдастырушысы, «Қаламгер Азамат» қоғамдық қорының жетекшісі Айдар Қырықбаймен (суретте) өткен жиын турасында әңгімелескенді жөн көрдік.
– Айдар, биылғы форумның тақырыбы салмақты болған сияқты. Конференцияларға Асхат Еркімбай, Дінмұхаммед Зиядин, Қарлығаш Мысаева, Артур Нығметов секілді атақты блогерлер мен медиа сарапшылар қатысты. Бұрынғы өткен форумдардан ерекшелігі де көп болғаны байқалады. Бұл форумның жаңа деңгейге өтуі деп түсінеміз бе?
- «Ел еңсесі – егемендік» деп аталған V республикалық «Қаламгер Азамат» форумы сіз айтқандай үдеден шыға білді деуге әбден болады. Дәстүрлі шара болғандықтан әр жыл сайын жаңашылдыққа ұмтылу – біздің басты мақсаттарымыздың бірі. Үш күнге созылған игі шара делегаттар мен ұйымдастырушылардың есінен кетпестей естеліктерімен қалды. Әр аймақтан келген жас тілшілер өздерінің белсенділіктерін аға буын өкілдерімен болған кездесулер мен арнайы тренингтерде байқатып жатты. Сондай-ақ, Алматы қаласы Абай атындағы Республикалық мамандандырылған дарынды балаларға арналған қазақ тілі мен әдебиетін тереңдете оқытатын орта мектеп-интернатының жоғарғы сынып оқушылары да форумға қатысып, қатарының алды екенін танытты. Бұл да болса форумның деңгейінің жаңа сатыға көтерілгенін көрсетеді. Форумның ашылу салтанатындағы Нұртілеу Иманғалиұлы, Ұлықбек Есдәулет, Жұмабек Кенжалин, Сәуле Әбединова сынды аға буын журналистердің айтқан ұлағатты сөздерінің жас тілшілерге әсері зор болды. Бұрынғы өткен форумдар туралы айта кетсем, осыдан бес жыл бұрын«Ақжелкен» журналының жас тілшілерімен кездесу өткіздік. Олар фестиваль ұйымдастырсақ деп ұсыныс білдірді. Фестиваль емес, форум өткізуге тоқталып, алғашқы форумға «Ұлан» газеті мен «Ақжелкен» журналының жас тілшілерін шақырдық. Келер жылы аймақтық басылымдардың тілшілері қатысты. Театр, музейлерді аралап, ҚазҰУ-дің профессорларымен кездесулер өткіздік. Кейін жер-жерден алғыс білдірген ата-аналардан хат келе бастады. Форумға қатысқан балалар қазір еліміздің белді-белді бұқаралық ақпарат құралдарында қызмет етуде. Елімізде 2003 жылы қабылданған Жастар саясаты туралы заң тармақтарында шығармашылық жолда жүрген жастарды қолдау жөнінде арнайы баптар қарастырылмаған. Осыған орай 2008 жылы Елбасының атына Үндеу жолдап, жоғарыдағы мәселені көтердік. Соның нәтижесінде қазіргі уақытта парламентте қаралып жатқан заң жобасында шығармашыл жастарды қолдау жөнінде баптар нақты көрсетілген. Ал 2009 жылы жасаған ұсынысымыздың нәтижесінде журналистика саласына бөлінетін мемлекеттік грант саны айтарлықтай артты. Ол туралы бізге Білім және Ғылым министрлігінің атынан арнайы жауапхат та келген болатын.
– Форумды «Қазконтент» АҚ мен бірлесіп өткізіпсіздер. Алдағы, уақытта бұл мекемемен ынтымақтасып шаралар өткізу ойларыңызда бар ма?
– Әрине, бар. Болашақта өтетін шараларды «Қазконтент» АҚ-мен бірлесе өткізу екі жаққа да оңтайлы іс болады деген ойдамын. Оған кеше ғана өз мәресіне жеткен «Қаламгер Азамат» форумы дәлел. Осы орайда «Қазконтент» АҚ басшылығы мен ұжымына үлкен алғыс білдіргім келеді.
– Көптеген қоғамдық ұйымдардың нендей қызметпен айналысып жүргені белгісіз. Ал, «Қаламгер Азамат» жылда осындай жиынды өткізіп келеді. Енді жастардан ауысып, нағыз сақа журналистердің форумын өткізуге көшпейсіздер ме? «Қазконтент» АҚ секілді іргелі ұйымдар көмек беріп отырса, қандай ауқымды шараны болмасын қорықпай өткізуге болады ғой.
– Ол да ойда бар. Бұйыртса келер жылы көктемнің жаймашуақ күндерінде Сарырқаның төсінде, Елордамыздың төрінде «Азаттық рухым – Астана» атты кезекті форумды өткізу жоспарымызда. Әлбетте «Қазконтент» АҚ сынды мекемелердің қолдау көрсетуі біздің бастамаларымыздың әрмен қарай қарыштауы үшін үлкен көмек болар еді. Бұл форумға 18-25 жас аралығындағы тілшілер қатысса, Астана қаласында өтетін «Қаламгер Азамат» ҮІ республикалық жас тілшілер форумына қатысатын делегаттардың жас мөлшерін 29 жасқа дейін ұзартпақпыз.
- Рахмет, Айдар, сұхбатыңа! Келесі форумда кездескенше!
Abai.kz