Қашаған қайта ашылып, іске қосылды
6 қазан күні Қашаған мұнай кенішінің ұңғымалары жөндеу жұмыстарынан кейін қайтадан ашылып, ешбір кедергісіз іске қосылды деп хабарлайды МГМ баспасөз қызметі.
Естеріңізге сала кетейік, 2013 жылдың 24 қыркүйегінде «Д» аралынан «Болашақ» мұнай өңдеу зауытына апаратын газ құбырын жоспарлы тексеру кезіндегаздың кемуіорын алған болатын.
Газдың кемуі зауыттан 2,5 шақырымдағы санитарлық-қорғау аймағында болды.
Бұл туралы дер кезінде Атырау облысының төтенше жағдайлар жөніндегі департаменті хабардар еткен болатын.
Қауіпсіздік техникасының талаптарына сай тексеру жүргізілді.
Ауада күкіртті сутектің шамадан тыс болғандығы анықталған жоқ. Адамдар арасында зардап шеккендер де болған жоқ.
Жер үстіндегі және теңіздегі барлық өндірістік құрылыстар күту тәртібіне көшіріліп, мұнай өндіру уақытша тоқтатылған болатын.
Аймақтың ішіндегі және сыртындағы жағдай қатаң сантиралық бақылауға алынды.
Болған жағдай жөнінде Атырау төтенше жағдайлар жөніндегі Департаменті мен Атырау облысының қоршаған ортаны қорғау Департаменті тексеру жүргізді.
Қалыптасқан тәжірибе бойынша газ құбырының бөлігі оқшауланып, қысым түсіріліп, азотпен тазарту жұмыстары жүргізілді.

26 қыркүйекте құбырды ашу үшін жер жұмыстары басталды.
27 қыркүйекте құбырдың учаскесі инспекциялаудан өтіп, газдың кему көзі анықталды. 28 қыркүйекте жөндеу жұмыстары басталды.
Қазіргі кезде аталған жөндеу жүмыстары аяқталды. Барлық жұмыстар республикалық және халықаралық қауіпсіздік техникасының ережелеріне сәйкес өткізілді.
Абай-ақпарат