Жұма, 27 Желтоқсан 2024
Құйылсын көшің 3630 2 пікір 26 Желтоқсан, 2023 сағат 15:08

Қандасқа «қандас» деген куәліктің не керегі бар?

Құрметті ағайын!

Бұл сұрақ күлкілі көрінуі мүмкін, бірақ бұл дәл қазір көз алдымызда болып жатқан қазаққа қарсы жасалған сорақы істің бірі. Осы жылы Қытаймен шекара ашылған соң, сондағы қазақтың біразы елге келді, талай қиындық көріп, тоқсан тесіктен өтіп: «Еліме келдім», - деп қуанған қандастардың қуанышы су сепкендей басылып, ұзаққа бармай тұр.

«Ойбай, «оралман» деген жаман сөз бұдан кейін «қандас» болсын» деген Қазақстанның қандастарға жасаған сыйы осы болса, Құдайдың атқаны осы шығар. «Қандастар» деп атап тұрып, «қандас» деген куәлік бермеген деген не сұмдық? Қандасқа «қандас» деген куәліктің не керегі бар? Бұл адамға «адам» деген куәлік бергенмен бірдей ғой...

Қандастарға азаматтық берсе болды, сол «қандас» деген түкке пайдасы жоқ бір парақ қағаздың керегі де жоқ еді. Керісінше, «азаматтық алу үшін алдымен «қандас» деген куәлікті алу керек» деген пәтуә шығарып қойған. Ал «қандас» деген куәлікті алу үшін Қазақстанда «тіке туысқаның болу керек» деген тағы бір талап бар. Мұндай қазаққа қастандық жасайтын, қитұрқы заңдарды кім шығарады?

100-ге тарта депутаттың сол заңды талқылап жатқанда: «Бұл дұрыс емес», - деп біреуі айтпай ма екен?..  Қазақстанда туысқаны жоқ, шетелдегі қазақтар Қазақстанға келе алмай ма? Туысы жоқ болса, азаматтық ала алмай ма?

Бұл мәселе туралы осы жылдың басынан бері Гүлнұр Тәлім әпкеміз «ватсаптан» 7-8 топ құрып, осы мәселемен басы қатқан 7-8 мың халықты жинап, бір емес, 6 рет баспсөз маслихатын өткізді. Аудан, облыс, тіпті, Астанаға барып, Министрліктерге дейін хат кіргізді. Депутат Ермұрат Бапи,  Мақсат Толықбайды шақырып, халықтың мұң зарын жеткізді де, өтінді де, қолдарына құжатты ұстатты да. Бірақ бұл мәселе әлі сол қалпында. Сонда бір жапрақ «қандас» куәлікті шеше алмай жатқан билік, қалай азаматтық береді?

Бүгін осы мәселе туралы (негізі 3 үлкен мәселе) Қазақстан парламент депутаты Қазыбек Иса ағамыздың атына Гүлнұр әпке екуміз хат жазып, астына осы уақытқа дейін бұл мәселелер туралы арыз жазған 440 адамның қолын жинап қосып, Парламентке «Өтініш.кз» сайты арқылы жібердік. Осы мәселені Қазыбек ағамыз аяғына дейін жеткізеді деп сенеміз...

Қыдырәлі Оразұлы

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2052