Бейсенбі, 2 Шілде 2026
152 0 пікір 2 Шілде, 2026 сағат 18:36

Спорттық білім беруді жаңғыртудың бес жылдық кезеңі жаңа белеске көтерілді: Қазақ ұлттық спорт университеті салтанатты түрде ашылды

Суреттер: ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінен алынды.

Астанада Орталық Азиядағы спорт ғылымы мен жоғары білікті мамандар даярлау бағытындағы ең ірі білім беру жобаларының біріҚазақ ұлттық спорт университетінің ресми ашылу рәсімі өтті.

Салтанатты шара New Era of Sport: KNUS 2026 халықаралық форумы аясында ұйымдастырылып, оған мемлекеттік органдардың өкілдері, халықаралық спорт федерацияларының басшылары, олимпиадалық қозғалыс мүшелері және академиялық қауымдастықөкілдері қатысты.

Іс-шараға Қазақстан Республикасы Туризм және спорт вице-министрі Серік Жарасбаев, Біріккен күрес әлемі ұйымының (UWW) президенті Ненад Лалович, Халықаралық киберспорт федерациясының(IESF) президенті Влад Маринеску, Дүниежүзілік допингке қарсы агенттіктің (WADA) өкілі Piechota Rafal Lesze, сондай-ақ халықаралықұйымдардың басшылары, шетелдік жоғары оқу орындарының өкілдері, ұлттық спорт федерацияларының жетекшілері, ғалымдар мен сарапшыларқатысты.

Университетті соңғы бес жыл бойы жүйелі түрде жаңғырту жұмыстарының алғашқы кезеңінің аяқталғанын білдіретін маңызды оқиға жаңа кампустың ашылуы болды. Осы уақыт ішінде оқу орны халықаралық әріптестігін кеңейтіп, ғылыми әлеуетін нығайтып, жоғары жетістіктер спорты, бұқаралық спорт және спорт индустриясы үшінмамандар даярлайтын заманауи білім беру экожүйесін қалыптастырды.

Қазақ ұлттық спорт университетінің құрылтайшысы Нұрасыл Медеу жаңа кампустың ашылуы Қазақстанда спорт саласына арналған заманауи білім беру және ғылыми платформаны қалыптастыру жолындағы бесжылдық жүйелі жұмыстың нәтижесі екенін атап өтті. Оның айтуынша, университет уақыт талабына жауап беретін білім ордасы ретінде құрылып, бүгінде халықаралық деңгейде ел намысын қорғай алатын жаттықтырушыларды, ғалымдарды, спорт дәрігерлерін, педагогтер менспорт менеджерлерін даярлайтын маңызды орталыққа айналып келеді.

«Бес жылдың ішінде университет білімге ұмтылыс, талант пен еңбек тоғысқан үлкен орталыққа айналды. Бүгін біз берік іргетас қалағанымызды мақтанышпен айта аламыз. Алдымызда бұдан да ауқымды жетістіктер, халықаралық мойындалу, ғылым мен спорттағы жаңа жеңістер күтіп тұрғанына сенімдімін. Қазақ ұлттық спорт университеті озық білім мен инновацияның, болашақ чемпиондар мен ел көшбасшыларын тәрбиелейтін маңызды орталыққа айналады»,деді университеттің құрылтайшысы Нұрасыл Медеу.

Шара барысында Біріккен күрес әлемі ұйымының (UWW) президенті Ненад Лалович Қазақстанның әлемдік күрес спортының дамуына қосып отырған үлесін жоғары бағалап, халықаралық талаптарғасай спортшыларды, жаттықтырушыларды және спорт менеджерлерін даярлайтын заманауи білім беру базасының маңыздылығына тоқталды.

Өз кезегінде Халықаралық киберспорт федерациясының (IESF) президенті Влад Маринеску ұлттық спорт университетінің ашылуы дәстүрлі спорттың, цифрлық технологиялардың және инновациялық білімберудің тоғысуына негізделген жаһандық үрдістің айқын көрінісі екенінайтты. Оның сөзінше, бүгінгі таңда киберспорттың дамуы мықты ғылыми және академиялық негізсіз мүмкін емес, ал Қазақ ұлттық спорт университетімен әріптестік болашақ мамандарды даярлауда жаңа мүмкіндіктерге жол ашады.

Салтанатты рәсім аясында Біріккен күрес әлемі ұйымының (UWW) президенті Ненад Лаловичке және Халықаралық киберспорт федерациясының (IESF) президенті Влад Маринескуға «Қазақ ұлттықспорт университетінің Құрметті профессоры» атағы табысталды. Сонымен қатар студенттердің академиялық адалдықты, әділ бәсекелестікті, өзара құрмет пен спорттық этиканы ұстануға деген ұмтылысын білдіретін Студенттер хартиясына қол қою рәсімі өтті.

Форум қонақтарына университеттің инновациялық ғылыми зертханалары, ғылыми-зерттеу орталықтары мен білім беру хабтары таныстырылды. Делегациялар цифрлық инфрақұрылыммен, заманауи спорт нысандарымен, ғылыми жабдықтармен және спортшыларды даярлауға, ғылыми зерттеулер жүргізуге әрі халықаралық білім беру бағдарламаларын жүзеге асыруға арналған кеңістіктермен танысты.

Бүгінде Қазақ ұлттық спорт университеті тек білім беру мекемесі ғана емес, сонымен қатар жаңа буын мамандарын даярлайтын, спорт ғылымын дамытатын, инновацияларды енгізетін және әлемнің жетекші спорт ұйымдарымен халықаралық ынтымақтастықты нығайтатын халықаралық орталық ретінде қалыптасып келеді. Бұл бағыт Қазақстанның жаһандық спорт кеңістігіндегі беделін арттырып, халықаралық үздік тәжірибелерге негізделген заманауи спорттық білім беру жүйесін дамытуға мүмкіндік береді.

Abai.kz

0 пікір