Шымкент қаласында мемлекеттік тілдің жағдайы қалай?
Республикалық «Ұлттағдыры» қоғамдық бірлестігі қозғалысының жобасы бойынша адамдардың көп жүретін орындары, Шымкент теміржол вокзалына, Шымкент әуежайына, «Самал» автовокзалындағы ақпараттық, жарнамалық жазулардың ҚР «Мемлекеттік тіл» туралы заңына сәйкестігіне мониторинг жүргізілді.
Қортындылай келе: әледе болса мемлекеттік тілді енгізіу бір қалыпқа, жүйеге түсірілмеген.
Мекемелерде ілінетін ақпарат, жарнамалар қалай жазылу, қай жерлерге іліну туралы жобаланып басшылар тарапынан бекітілмеген. Ақпарат, жарнамалрдың жазылуына жауапты мамандар жоқ. Қазақ тілінің жазылу мәдениетіне, дизайынына аса көңіл бөлінбейді. Мекеме басшылары қазақ ұлтынан бола тұра, алғашқыда келгенімізді қоштай қоймағанмен кейіннен түсіністікпен қарап мекемедегі жазулардың «мемлекеттік тіл» туралы заңға сәйкестігін көруге рұхсат берді.

- Әуежай ішіндегі жазулар «Мемлекеттік тіл» туралы заңға сәйкестендірілгені мен сыртындағы Аиэропорт жазуының қазақша нұсқасы «Шымкент әуежайы» деп көрсетілмеген. /Басшысы Кошикбаев Қанат Жаубасарович/
- Әуежайда орналасқан Россияның «SCAT» әуе компаниясының бар жазулары орыс тілінде. Мемлекеттік тілде аудармалары жоқ. Компания хатшысының мәліметі бойынша, бізге дейін мемлекеттік тілдің қодануы турасында мәселе қозғалмаған. Бұл жөнінде ғимаратты жалға беруші Әуежай директорына мониторинг қорытындысы жолданды.
- Шымкент «Темір жол» вокзалында мемлекеттік /қазақ/ тіліне деген жауапкершіліктің өте төмен екені байқалады. /басшысы: Шалкенов Нұрбек Кенжебекұлы / Теміржол вокзалындағы жазылған ақпараттық, жарнамалық 62 – жазбалардың 30 - мемленкттік тілде аудармасы жазылмаған. Заңды қадағалаушы орган Шымкент көлік прокуротасының ілген жарнамасының қазақ тілнде аудрмасы жоқ. /суреті бар/. Вокзалдғы жарнама жазулары қалай болса, солай жазылып іліне берген. Түсірілген суреттерден де байқайсыздар.
3. «Самал» автовокзалы ғимаратының ішінде мемлекеттік тіл заңдары сақталғаны мен сыртында, жалға берілген жайларында «мемлекеттік тіл» туралы заң талаптарын орындалуы ала-құла.
Мониторинг жүргізу барысында жоғарыдағы мекемлердегі ақпараттық, жарнамалық жазулар суретке түсіріліп дерек ретінде шығарылып альбом жасалды. Түсірілген суреттерді толық Сіздерге ұсынылып отыр.
Жасалған альбомдарды суреттерімен ОҚО әкімі А.Мырзахметовке, Шымкент қаласының әкімі Д.Сатыбалдыға және ОҚО прокурорына алдағы кезде шара қолданып бақылауға алуға табыс етіледі. Жоғарыдағы мекеме басшыларына да хат арқылы жолданды. Бұдан бөлек мониторинг қорытындысы облыстық тілдер, мәдениет, ішкі саясат басқармаларына, бөлімдеріне жіберіледі.
Анықтама: Мониторинг қорытындысы бойынша БАҚ өкілдерімен кездесу 23.10.2013ж өтті.
БАҚ өкілдерімен кездесуде, жоғарыдағы мекемелердегі «Тіл туралы» заңның орындалуын бір айдан кейін бірге барып көру туралы келісілді.
Мониторинг 2013ж шілде айнда жүргізілді.
Жарқынбек Сейтінбетұлы, жоба жетешісі
Abai.kz