Жұма, 22 Қараша 2024
Жаңалықтар 3777 0 пікір 30 Қазан, 2013 сағат 07:47

Қажымұқан ҒАБДОЛЛА: «Өзегімізді талдырған ӨЗГЕРІС есігімізді қағып тұр...»

Алматыда ұлтшыл-демократтар­дың құрылтайын өткізу жөніндегі ұйымдастыру комитетінің бірнеше жиналысы өтті. Мұхтар Шаханов, Мереке Құлкенов, Серікжан Мәмбеталин, Дос Көшім сынды қазақтың танымал азаматтары бастаған баянды шаруа Ғабиден Жәкей, Мақсат Нұрыпбаев, Болатбек Біләл әзірлеген ұлттық мемлекет құру жөніндегі тұжырымдаманы бірауыздан мақұлдаумен іргесін бекітті.

Ұлтшыл күштердің ақсақалы Мұхтар Шаханов: «Қазіргідей ұлттық мүдде аяқ асты болып отырған кезде біз бәріміз бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығаруымыз керек» деп, барлық ұлтшылдарды, жалпы жұртшылықты бірлікке шақырды.

 

– Қажеке, қазір қазақ қоғамы «құрылтай» деп шулап жүр. Осындай берекелі бастаманы, ұмытпасақ, осыдан 3-4 жыл бұрын Сіздің көтергеніңіз есімізде...

– Оныңыз рас. Қазіргі белсенді үш жігіт Мақсат Нұрыпбаев, Ғабиден Жәкей, Болатбек Біләлдің идеясы менің басыма сонау 2007 жылдары келген болатын. Содан Алматыға арнайы келіп, айлап-апталап жатып, ниеттестер іздедім. Сонда таң қалғаным: қазақтың мүддесі ешкімге қажет еместей көрінді. Жаным құлазып, жылағым келген кездер де болды...

Алматыда ұлтшыл-демократтар­дың құрылтайын өткізу жөніндегі ұйымдастыру комитетінің бірнеше жиналысы өтті. Мұхтар Шаханов, Мереке Құлкенов, Серікжан Мәмбеталин, Дос Көшім сынды қазақтың танымал азаматтары бастаған баянды шаруа Ғабиден Жәкей, Мақсат Нұрыпбаев, Болатбек Біләл әзірлеген ұлттық мемлекет құру жөніндегі тұжырымдаманы бірауыздан мақұлдаумен іргесін бекітті.

Ұлтшыл күштердің ақсақалы Мұхтар Шаханов: «Қазіргідей ұлттық мүдде аяқ асты болып отырған кезде біз бәріміз бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығаруымыз керек» деп, барлық ұлтшылдарды, жалпы жұртшылықты бірлікке шақырды.

 

– Қажеке, қазір қазақ қоғамы «құрылтай» деп шулап жүр. Осындай берекелі бастаманы, ұмытпасақ, осыдан 3-4 жыл бұрын Сіздің көтергеніңіз есімізде...

– Оныңыз рас. Қазіргі белсенді үш жігіт Мақсат Нұрыпбаев, Ғабиден Жәкей, Болатбек Біләлдің идеясы менің басыма сонау 2007 жылдары келген болатын. Содан Алматыға арнайы келіп, айлап-апталап жатып, ниеттестер іздедім. Сонда таң қалғаным: қазақтың мүддесі ешкімге қажет еместей көрінді. Жаным құлазып, жылағым келген кездер де болды...

«Қазақсандық ұлт» дейтіннің бас көтерген шағы еді. Мұхтар Шаханов ағамның қасынан табылдым. «Халық рухы» партиясының алғашқы сьезі өтті. Үміт шырағы жанды...

Орысшыл билік «Қазақсандық ұлт» идеясын өткізе алмағасын, қол қусырып қарап жатпады, жаңа құйтырқыға көшті. «Халық рухы» партиясы мүшелерінің саны заңдағы талаптан екі есе көп болса да, аяғы тұсалды. Бір қызығы: кейбір аймақтарда Мұхтар Шахановпен кездесуге жиналған халықтың 90 пайызы нұротандықтар болса да, солар түгелімен «Халық рухы» партиясына өтіп кетіп жатты... Сол жергілікті жердегі «НұрОтан» партиясының басшылары «Жедел жәрдеммен» ауруханаларға түсіп жатты... Бұл - ойдан шығарылған ертегі емес, нақты болған шындық жағдайлар...

Мұхтар Шахановтың адуынымен «Қазақсандық ұлт» деген биліктің былжырақ  бастамасы басылып еді, артынша Қытайға жерді жалға беру мәселесі өзекті жарды...

...Ашу шақырып, теңіздей буырқанып, аштық жариялап, Қытайға қазақ жерін бергізбей қойған Мұхтар Шаханов ағамызға кез-келген қазақ қарыздар ғой!..

Сосын, Жаңаөзен жүрегімізге қатты батты. Қаншама күйзелген түндерді өткердік. Ас батпады, ұйқы қашты. Орыстың қазаққа қылған қысастығын көріп едік, қазақты қазақ қырады деп кім ойлаған?!.

Екіойлы биді, екіжүзді шенеунікті көрдік. Жаңаөзен жазығы түгіл, Маңғыстауды маңайлаудың өзі мұң болды, құдды жұқпалы алапес ауруы қаптаған жер сияқты сыртқы әлемнен бөлектеп тасталды. Мыңдар ойланып, жүздер жүрексініп жүргенде, Мұхтар Шаханов шамданып, Ақтауға аяқ басты, Жаңаөзенге де бет алды...

Мен сол бір қасірет басқан, мұңға толы күндері Ақтау әуежайында отырып алаш ардақтысы Әлихан Бөкейханның өлеңін есіме алдым:

«Қазағым, елім,

Қайқайып белің,

Сынуға тұр таянып.

Талауға малың,

Қамауда жаның,

Аш көзіңді оянып!..»

Құдайдың қазаққа бұйыртқан жарқыраған шырағы мен бұрқыраған бұлағы қаншалықты көп болса, сүйегін сырқыратқан сынағы одан жүз есе асып түсті...

Өз басым қазақ жұртына: «Қазақты қалай біріктіреміз?» деген сауал қойып, «Бірігетін кез келді!» деп ұран тастаған 5-6 жылдың көлемінде бұл мәселеге тереңдеген сайын өзімді алып мұхиттың ортасына еріксіз ағып бара жатқан адамдай сезінемін. Мұхит толқындары тым асау, талмай тұншықтырады, астан-кестен лақтырады, жазиралы жаға тым алыс...

Бір күні күллі қазақтың бәтуәлі күнінің алыстығын еріксіз мойындап, «Алыстан арбалағанша, жақыннан дорбала» демекші, “иісі қазақты біріктіру үшін, алдымен, батыс өңірінің қазақтарының басын қосып алайың” деген ой келді. Солай деуім мұң екен, қазақ маған лап қойды.

Сол кездегі Мәжіліс депутаттары ұйқысынан шошып оянып, ҰҚК-нің төрағасы Нұртай Әбіқаевқа депутаттық сауал жолдап, Парламент мінберінде қалшылдап кетті. “Қажымұқан Ғабдоллаға шара қолданыңыз!” деген талап қойды...

Осыдан кейін мұндай кісілердің өтірік мүләйімсіп: «Қазағым!» деген жалған сөзінің құны көк тиын деп есептеймін!.. Біз осыған бәріміз көз жұмып отырып: «Қазақпыз!» – деп, құр кеудемізді соғамыз! Өтірік көлгірсиміз?!.

Әйтпесе, қазір қай қазақ: «Қазақты біріктіруді осыдан 3-4 жыл бұрын Қажымұқан Ғабдолла жалғыз өзі көтеріп, шырылдап, басын тауға да, тасқа та соғып еді» деді?!. Ешкім үндемейді. Қазақты біріктіру туралы сөзді бірінші рет есітіп тұрғандай, есеңгіреп отыр... 

– Қазаққа қатты ашулы, өте өкпелі сияқтысыз ба, Қажеке?!.

– Ашуланғанда – Ауған асып, өкпелегенде – өзбек болып кетеді деймісің... Жанымның күйгенінен айтамын, қазақтың қамсыздығына қапа болғаннан айтамын. Қаншама сауатты да ұлтшыл адамдар айтқанымен, қазақтың басымы басын бұғып қалып еді – Кеден одағына кіріп, қазір орысың ойына келгенін істеп, кердеңдеп жүр. Осыным өтірік пе?..

Үлкен кәсіпкерлердің бәрі қаржыдан қағылып, кірісі кеміп кеткендіктен, «Қап, әттең!» дегенді маған күнде айтады. Мен оларға айттым: «Қазақ – қой сияқты момын» дегенді советтің бе, патшаң ба, әйтеуір, орыс ойдан шығарған. Қазақ – қой сияқты момын болмаған, «Қазақ– жылқы мінезді» деп қадым заманнан ата-бабаларымыз айтып келеді. Қазақ – жылқы жануарындай асау да тәкәппар, сергек те жүйрік еді, сендерге не болған – жаман шошқадай жүндеуге көніп...»дедім...

Ол-ол ма, 2014 жылы Еуразиялық Одақ құру жөніндегі келісімге қол қойылса, Кедендік Одаққа мүше елдердің компаниялары Қазақстанның тендерлеріне еркін қатыса алатын болады. Егер Кедендік Одаққа мүше елдердің компаниялары Қазақстанның тендерлеріне еркін қатысса, триллиондаған теңге қаржы шет елге кетеді, мыңдаған отандық компаниялар банкрот болып, миллиондаған адам жеп отырған нанынан айырылады. Осыған жол беріп отыра береміз бе?..

– Мұнау масқара ғой. Не істемек керек?

– Қорықпау керек! Қазақ билігінен қорықпау керек – Құдайдың қаһарынан қорқу керек! Жебірей-орыстың қысымынан қорықпау керек – Жаратқан Иеміздің наразылығынан қорқу керек!

Түрік ұлты баланы тәрбиелегенде: «Сен түріксің!» деп Ататүріктің ұлықты үрдістерімен оқытып, тәрбиелейді екен. Ал, біз бәз баяғы, «Сен атаңның баласысың», «Сен әжеңнің баласысың», «Сен бастық боласың» деп өсіреміз. Сонда кім елшілдік пен патриоттыққа, кім өзімшілдік пен менмендікке тәрбиелеп отыр?!.

«Қазір кім қорқақ?» дегенде, мен: «Билікпен сыбайластар қорқақ» деп түсінемін. Мысалы, мен 15 жылдан бері өз күшіммен газет шығарған кезеңімде бүгінгі күнге дейін мемлекеттен де, бай-манаптан да соқыр тиын қаржы алғаным жоқ. Қарыным бірде аш, бірде тоқ күн кештім. Күш көрсеткен, доқ қылған, қорқытып-үркіткен кездерді санасам, саусақтарым жетпейді. Бір қарағанда, мен де өзекті пендемін: биліктің майбатпан тендерлері мен бай-шонжардың салымды «садақасын» алып, байлыққа батып жүру маған да жат емес. Бірақ, мен бірде былай деп жазып едім: “...Дәп сол сәтте менің көз алдыма Бейнеудің қара желінде бүрсеңдеген немесе Қатынқарағайдың қақаған қысында қалшылдаған қаратабан қазақтың тілім-тілім қызыл өкшесі елестейді...” деп.

Билікке тәуелді болмағандықтан, шонжармен достаспағандықтан, қазақтың мүддесін айтып, ұлтымның мұңын көксегендіктен – газетім талай жабылып, айыппұлдар салынды. Осынау қиындық кешіп, қалыптасу жылдарында бұрынғы аймақ әкімі Қырымбек Көшербаевтан басқа бірде-бір шенеунік: «Жайықтағағы шыңғырған шындықты айтатын жалғыз қазақ газеті: қалың қалай?» – демеді...

О баста газетіміз «Жүздесу» деп аталған еді, теперіш көріп, тепкіге шыдамағасын газеттің атын «мың құбылтып» өзгертуге мәжбүр болдым. Сосын, «Солай», «Ақтөбедегі жүздесу», «Майдан» «Жұмадағы жүздесу» болып кете барды. Оралдағы қазақ газеті үшін тағы бір тамұқ мынау: билік Оралдағы баспаханалардаң барлығына қатаң ескерту жасап, тырнағын батырып қойғандықтан, жалғыз қазақтілді басылым «Жұмадағы жүздесуді» кез-келген уақытта баспахана себепсізден-себепсіз баспай қояды және бүгінгі таңда менің газетімді ең қымбат бағамен басып отыр. Сонда біздің 22 жыл бұрын қолымыз жетіп, ақ түйеміздің қарыны жарылған қасиетті тәуелсіздігіміздің құны қанша болғаны?..

Кеше көмекшісі Мұхтар ШАХАНОВ ағамның жаңа жазылған өлеңін жіберіпті. Сонда мынадай жолдар бар екен:

«...Кім айырма салса жиі ісі менен сөзіне,

Екі жүзді, алаяқтау пенде оның өзі де.

ЕГЕР АДАМ ЖОЙЫП АЛСА ЖҮРЕГІНІҢ ШЫНДЫҒЫН,

Рух қуатын сезінбесе адал, әділ мұңдының,

Елге қажет пайдалы ойлар жүргенімен миында,

Шындығы өлсе, бітті, ісі бағаланар тиынға.»

Біздің басты мұрат-мақсатымыз – ұлтымызды сақтап қалу, мемлекетіміздің іргесін нығайту. Біздің жауымыз көп, тек Ресей ғана емес, Қытай саясаты да қазақ баласының баянын күйттемейді.

Сондықтан, Мақсат Нұрыпбаев бауырымыз айтпақшы: «Қазақ баласына жайбарақат, санасыз, салпыетек болу – өліммен тең. Ертеңгі ұрпағымыз үшін бір тудың астына бірігіп, бір ұранға жиналмасақ, бір іске жұмылып, бір сөзге иланбасақ, ертең кеш болады...»

– Мақсат Нұрыпбаев бауырымыз Құрылтайды ұйымдастырушы үшеудің бірі ғой. Бұл маңайдан сіздің атыңыз неге естілмейді?

– ...Көпшілік болғасын, қазақта да ала-құлалақ бар. Бірақ, бір қазақты жекелеп алып сүюден – күллі ұлтқа деген махаббат шықпайды. Ұлтыңды сүйсең – тұтасымен сүюің керек, әйтпесе, «әдемілерін сүйемін, көріксіздері керек емес» десең, бұл ұлтшылдық болмайды.

Ұлтың мен еліңе жаның ашыса, оның мүддесін қорғап, қол жинаған қай қазаққа да қолдау көрсету парыз. Ұлттық мүдде – рулық мүдде емес, бұл жерде ағайын арасындағы пендешілікке жол берілмеуі керек. Батылдық пен батырлық, табандылық пен төзімділік, жанашырлық пен жанкештілік қана қазақты бір тудың астына жинап, жарқын болашаққа жол бастай алады.

Шындығында, Құрылтай – қазақ үшін өте қастерлі ұғым. Сондықтан, мәселе оны кімнің бірінші бастап ұйымдастырғандығында емес, қалай ұйымдасып, ынтымақ құра білгендігінде. Осы себепті, қазақтың тағдыры, тілінің, жерінің болашағы сөз болған жердің бәрі – менің баратын жерім.

Біз көбіне орыстың кеше жасаған қиянатын айта береміз. Өткен іс келмеске кетті ғой, бүгін неге орыстың зымырандарды арзан ұшырып, молырақ пайда табу жолында қазақтың денсаулығы мен қазақ жерінің экологиясына жасап жатқан орасан зиянын айтып, талап қоймаймыз.

Кедендік Одақ ұлттық экономикамыздың омыртқасын сындырмақшы – үндемейміз. Енді Еуразиялық одаққа бас сұқсақ, тәуелсіздігімізден біржола айырыламыз. Құрылтайды ұйымдастыру бастамасын көтерген үш жігіт, ең алдымен, қазірдің өзінде ортамыз бен ордамызға енген қауіп пен ертең жетуі ықтимал қатерді ашық айтып, байбалам салды. Осы ұстаным үшін ғана мен бұл азаматтармен біргемін!

Қазір «Баянды болашақ-2030» басымызға орнап, кекірігіміз азғандай, енді «Күнгейлі келешек-2050» деген тым алыстағы арманмен пара-пар қиялды тауып алдық. Ертең Еуразиялық одаққа кіріп, орысқа тағы кіріптар болсақ, осы «2030-2050» дегендердің керегі бола ма?!.

Бабамыз Ақтамберді жырау:

«...Кеуде бір жерді жол қылсам,

Шөлең бір жерді көл қылсам,

Құрап жанды көп жиып,

Өз алдына ел қылсам!..

...Орын тапқан ер жігіт,

Жерсіз болар деймісің.

Орда тігіп орнаса,

Төрсіз болар деймісің!..» – дейді, еліміз еркіндігінен айырылса, басқаның құны көк тиын емес пе?!.

Мен Мұхтар ШАХАНОВ ағаммен хабарласып, Құрылтайдың мәселесін ақылдасқанда, осындай орасан өзекті, қаны тамған қабырғалы жәйттер сөз болды. Мен: «Мұхтар аға, қазақ қайда болса – сіз сондасыз ғой, ал, сіз қайда болсаңыз – мен де сондамын!» дедім... Қалай десек те, Мұхтар ағамыз өмірлік тәжірибеден де, рухтың мықтылығынан да, ұлттық ұлағаттан да – бәріміздің ұстазымыз. «Шәкіртсіз ұстаз – тұл» болса, «Ұстазсыз шәкірт – құр» дер едім...

Жалпы, біздің Жайықтың жағасы - алаш арыстарының табаны тиген қасиетті топырақ. Орал қаласында 90-жылдары орыс-казак ұлтшылдары наразылық білдіріп, біздің еліміздің біртұтастығы мен қауіпсіздігіне қауіп төндірді. Мен сол шақта он бестен жаңа асқан бозбала болсам да, қазақтың суын ішіп, нанын жеген келімсектердің қасиетсіздіктеріне бүкіл болмысыммен қарсы шықтым. Әупірімдеп, Орал оқиғасы қантөгіссіз аяқталды. Дегенмен, қазақтың шынайы тәуелсіздігі мен нақты еркіндігіне жетудің жолы әлі ұзақ болатын.

Саясаттағы негізгі мұрат – ұлтқа, елге қалтқысыз қызмет ету. Балаларымыздың бақыты баяндылыққа ұласатын болашақ орнату, немерелеріміздің келешегін кемелдікке жеткізу. Біз балаларымызға қандай қоғам тастап кетеміз? Бізден кейін ұрпағымыздың көретін күні қандай болмақ? Шын саясаткерді арзан атақ емес, отанының ертеңі мазалауы керек. Қазақты шынай сүйсек – бір күндік, бір жылдық тар деңгейдегі дәрменсіз дәрежеде қалмай, неғұрлым ұзаққа бағытталған ұлы мақсаттарға ұмтылуға тиіспіз.

Ең абыройлы, ең жемісті еңбек – ұлтың мен еліңе жасаған қызмет. Құрылтайды ұйымдастырушы топтың ортасында азулы ақын, алаштың айбынды азаматы Қазбек ИСА да бар. Туған ұлтына кісілігі мен кішілігі егіз Қазбектей қайсар қазақтардан артық кім қызмет етеді?!. Қазақтың үзілмеген үміті мен сөнбеген сенімі де тумысынан тәлімгер, болмысынан бітімгер Қазбектей бауырларымызбен тығыз байланысты.

Турасын тағы айтайын: тілде сүйек жоқ, көп айтуға да, дауласа беруге де болады. Дегенмен, осынау жиырма екі жылда біраз нәрсені айттық, талқыладық, таластық, ренжістік те, қайта татуласа да алдық.

Қазаққа бірігетін кез әлдеқашан келген. Әттең, осыдан 4-5 жыл бұрын мен «Қазақ Елі» халықтық қозғалысын құрып: «Бірігетін кез келді!» деп жалғыз ұрандағанымда, қазақ түгел қолдап бәріміз бірігіп кеткенде, кім біледі, қазір Кеден одағының тырнағына ілінбес пе едік...

Ал, Еуразиялық одақ – біздің ұлттық экономикамызға да, ұлттық, мемлекеттік тәуелсіздігімізге де, жеріміздің тұтастығына да үлкен қатер. Сондықтан, ұлтшылдар келесі жылға дейін қандай да бір саяси күшке, топқа, құрылымға айналып үлгеруі керек. Артық сөзге де, керексіз кеудемсуге де уақыт жоқ.

Абай атамыздың:

Сезімпаз көңіл,

Жылы жүрек,

Таппадым деп түңілмес.

Бір тәуір дос,

Тым-ақ керек,

Ойы мен тілі бөлінбес – деген өсиетіне сүйенетін кез келді!..

– Қажеке, Құрылтай жұмысынан не күтесіз?

– ...Жақсылық пен нәтиже күтемін. Тәлкекке шыдасақ та, телпекке төзбейік деймін. Қазақтың намысын таптатпайық, ұлттың рухын сындыртпайық деймін. Егемендіктен айырылып қалып, ұлтымыздың тамырына балта шаппайық деймін.

Өзегімізді талдырған өзгерістердің есігімізді қағып тұрғанын түсініп, халықтың қалауы мен заманның талабына құлақ түрейік деймін. Әрбіріміз өзіміздің атағымыз үшін емес, еліміздің болашағы үшін мәмілеге келсек, нағыз азаматтығымыздың көрінісі осы болады.

 

ӘҢГІМЕЛЕСКЕН: Бибігүл Маратқызы,

Рауан Сіргелі,

“Мен қазақпын” журналы 3

 Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1462
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3229
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5318