Болатбек Төлепберген. Бізде "ұраншыл тарих" жоқтың қасы
Отандық тарихтың өзекті мәселелеріне байланысты келелі істің басталғанына біршама уақыт өтті. Бұқаралық ақпарат құралдарының белсенділігі арқасында қалың жұртшылық қазақ тарихының бейтаныс қырларынан біршама дерек пен дәйек алды. Алыс-жақын шет елдер мұрағаттарынан бірқатар тарихи қолжазбалар жеткізілді. Және осы сынды сан шаруа қолға алынды. Біздіңше, басым бағытты ұлттық тарихымызды зерттеу мен білікті оқытылуына беру қажет.
Осы тұрғыда ұлттық тарихты зерделеу мәселелері бойынша еліміздің бірқатар жоғары оқу орындарында дөңгелек үстелдер ұйымдастырдық. Атап айтқанда, Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде, Абай атындағы Қазақ Ұлттық педогогикалық университетінде, Қазақ мемлекеттік қыздар педогогикалық университетінде, Сулейман Демирел атындағы университетте және Е.Букетов атындағы Қарағанды Мемлекеттік университетінде тарихшы-ғалымдар, оқытушы профессорлық құраммен және докторанттар, магистранттар, студенттер қатысуымен отандық тарихқа қатысты түрлі тақырыптарда өткізілген дөңгелек үстелдер таспаға жазылып алынды.

Аталған жоба мақсаты - ұлттық тарихты зерделеу мәселелері бойынша атқарылып жатқан жұмыстар - отан тарихын оқыту, зерттеу және жариялау бағыттарын айқындау. Яғни, бірінші міндет жоба бойынша жүргізілген жұмыстарды насихаттау болса, екіншісі – отандық тарихты зерделеу барысындағы нақты істерді өз көзімізбен көріп, таразылау. Бұл ретте ұлттық тарихымызды зерттеу мен білікті оқыту жүйесіне қоғамдық пікір қозғау арқылы өз үлесімізді қоса аламыз. Ал дөңгелек үстелдер басында талқыланған мәселелер аясындағы міндеттерді шешу кешенді жұмыс жоспары мен нақты іс-шараларға байланысты болса керек.
Сонымен жоба барысында біз көз жеткізген мәселе - бүгінгі күнгі тәуелсіздік жағдайында Қазақстан тарихын оқытуда, ғылыми тұрғыда пайымдауда қандай ұстанымдар басшылыққа алыну керек?
Мемлекеттің дамуына тікелей әсер етуші факторлардың бірі салиқалы саясат, тұрақты экономикамен қатар, ұлттық идеология екені белгілі. Ұлттық идеология қоғамды бір мақсатқа жұмылдырып, сол мақсатқа жетуде бірігіп әрекет етуге шақырады. Ұлттық идеологияны қалыптастырудың жолы көп. Соның бірі және бірегейі отандық тарихты насихаттау.
Тарих – халықтың жады мен зердесі. Ендеше, «Өткенді білмей болашақты болжау мүмкін емес». Шынайы ел тарихын білу арқылы тарихи сана бекиді, тарихи сана арқылы ұлттық сана қалыптасады. Бұл түптеп келгенде тәуелсіздігіңіздің баянды болуының кепілі.
Жоба барысында осыған көз жетті. Ұлттық тарихты зерделеу мәселелері бойынша еліміздің бірқатар жоғары оқу орындарында өткен дөңгелек үстелдерде көтерілген сан түрлі пікір-көзқарастар, ұсыныс-тілектерді тұжырымдар болсақ төмендегіше.
1. Дамыған бірқатар елдер үшін тарих тәрбие құралы. Айталық, Түркияда халық үшін тарихтың маңыздылығы - ұраншыл тарих, жалпы тарих, ғылыми тарих болып бөлінеді. Сабақ алар тұсымыз осы. Бізде жалпы тарих пен ғылыми тарих мәселесінде атқарылып жатқан шаруалар баршылық. Ал ұраншыл тарих, яғни жастарды тарихи тұрғыда отаншылдық рухта тәрбиелеуде жұмыстар жоқтың қасы. «Сен қазақсың, сенің асқақ тарихың бар! Тарихың тұғырлы тұлғаларға, әділ де өткір би-шешендерге, ержүрек батырлаға бай! Ендеше сен де ұлы елдің ұланы ретінде ұлтыңа қызмет ет!» - деген тұрғыда жастарды тарихи - отаншылдық рухта тәрбиелеудің жүйесін бала-бақша қабырғасынан бастап, қалыптастыру қажет-ақ;
2. Жоғары оқу орындарында, колледждер мен мектептерде «Тарихи туризмді» дамытудың жүйелі жоспарын жасау керек. Студенттер мен оқушыларды теориялық біліммен қатар, тарихи орындар мен мұражайларға апарып, өз көздерімен көрсетіп, сезінтудің әсер-ықпалы зор болмақ;
3. Тарихты жасайтын тұлғалар. «Тарих толқынында» бағдарламасы аясында университеттің профессор-оқытушылар құрамы «Тұлғатану» жобасын даярлап, оқу жүйесіне енгізу қажет;
4. Қазақстан тарихы пәні бойынша электронды оқу құралдарын әзірлеу керек;
6. Жоғары оқу орындарында ұлттық сананы, ұлттық идеяны қалыптастыру мақсатында ғылыми орталық құру уақыт талабы;
7. «Тарих толқынында» бағдарламасы аясында бүгінде «Өлкетану» пәнін оқыту маңызды. Және де тарихшы мамандықтарының элективті пәндері қатарына «Өлкетану» пәнін енгізуді қолға алу қажет;
8. Әлемдік білім беру стандартына сәйкес ағылшын тобындағы мамандықтарға "Қазақстан тарихы ағылшын тілінде" атты пәнді оқытуды енгізу керек.
Біз байқаған жайттар осы. Бұған алып қосарларыңыз бар ма?
Болатбек Төлепберген,
Философия ғылымдарының кандидаты
abai.kz