Швеция НАТО-ға қосыла ма? Түркия мен Венгрия не дейді?
Кеше Түркия парламенті Швецияның НАТО-ға қосылуына дауыс берді. Оны 287 адам қолдап дауыс берсе, 55 адам қарсы дауыс берген. Сонымен екі ел арасында 20 айға созылған келіссөз нәтижелі аяқталды.
Швеция 2022 жылы ақпанда Ресей әскері Украина басып кірген соң, араға 2 ай салып НАТО-ға мүше болатынын жариялаған еді. Бірақ Түркия тарабы Швецияны «Еуроодақ пен АҚШ «террористік ұйым» деп таныған «Күрд жұмысшылар үйымы» партиясының атамандарын қорғаштап отыр» деп айыптап, оның әскери ұйымға мүше болу салауатын қолдаудан бас тартқан еді.
Ердоғанның көңілін табу үшін Швеция билігі террористерге қарсы заңын қатайтып, «Күрд қозғалысының» әрекетін заңсыз деп таныған. Сонымен бірге Швецияның Финландия, Канада, Голландия қатарлы одақтастары Түркияға қару-жарақ экспорттау шартын жұмсартқан.
Одан бөлек Түркияның Швецияның НАТО-ға кіруін жеделдетуі Американың Түркияға F-16 ұшағын беру уәдесіне байланысты делінеді. Ол шешімді Ақ үй қабылдап қойғанымен, Конгресс әлі бекітпеген.
НАТО-ға мүше 32-ші ел атануға Швецияның алдында енді Венгрия тұр. Орбан билігі ұзақ жылдан бері Швецияны «бізге жау көзбен қарайды» деп айыптап келеді. Оған екінші тараптың Орбанды «заңды аяқ асты етеді» деп кінәлағаны себеп болған. Өткен бейсенбіде Орбанның көмекшісі Гүляс: «Олардың бізбен сенімді байланыс орнатуға құлқы жоқ. Екі ел қатынасы жақсарғаны олардың НАТО-ға кіруіне де тиімді болар еді», - деген.
Айым Нұрқалиева
Abai.kz