Жұма, 22 Қараша 2024
Әне, көрдің бе? 10013 38 пікір 26 Қаңтар, 2024 сағат 15:09

Канделакидің жүйкесі сыр берді

Бүгін Dalainsaide телеграмм каналы жуырда ғана Қазақстандағы жер атауларының қазақша аталуына қарсы шығып, оны «Бұл Қазақстандағы орыс тіліне қарсы күрестің бастамасы» деп мәлімдеме жасаған, сол үшін қазақстандықтарға «байқаңдар» деп қоқанлоқы көрсетуді де ұмытпаған Ресей тележүргізушісі Тина Канделаки суицид әрекетіне барды деп жазды.

Каналдың жариялаған ақпараты бойынша, Қазақстан Канделакиді «персона нон грата», яғни, «Қазақстанға келуге тиым салынған» деп жариялағаннан кейін, ол ҚР СІМ‑нің ресми өкілі Айбек Смадияровты Мәскеуге жеке әңгімелесуге шақырған. Әрине, оған А.Смадияров келіспеген сыңайлы...

Оның үстіне, Қазақстан болгерлері мен журналистері Т.Канделакиге қарсы көптеген өткір пікерлер айтып, оның өзіне ақпараттық шабуылды бастағаны белгілі. Әрине, қазақтар тарапынан мұндай «қорғаныс» боларын Тинаның өзі де күтпесе керек, сасқанынан қазақтарды біресе «мәңгүрт», біресе «мәдениетсіз, жабайы» деп атап, өз білуімен қорғана бастады.

Бірақ, біздің шамалауымызша, Канделаки «Орыс әлемі» атты идеологияның қайсар жауынгері емес еді. Оның бұл «салаға» кездейсоқ келіп қалғаны әрекетінен де көрініп тұрды. Қалай десек те, Канделаки саясатта «мүйіздесіп үйренген қошқар» сынды бола алмады.

Ақыр соңында, оның нәзік «әйелдік болмысы» сыр беріп, «Дала инсайд»‑тың айтуынша, ол күйігін алдымен алкагол ішімдіктерімен басуға кірісіпті. Бірақ, өзіне деген қарғыс пен буллинг тоқтай қоймаған соң, ол шараптың лебімен суицидттік әрекетке баруға ұмтылған дейді.

Осы түнде ол ұйықтататын дәрінің бір қорабын ішкен. Оны байқаған құрбысы дер кезінде дәрігерлерді шақырып үлгерген. Олар, Канделакидің асқасазанын жуып‑тазалап, оны өлімнен құтқарыпты. Бірақ бұл ақпаратты Ресей ақпараты дереу құпиялаған көрінеді.

Бұдан қандай қорытынды жасауға болады?

Біріншіден, Канделаки әуел бастан бір күштердің тапсырысымен мәлімдемелер жасаған. Екіншіден, тапсырыс беруші жақ өте қауқарлы, беделді болғандықтан, ол «Мен үшін оның салдары қалай болуы мүмкін?» деген сұрақты қоюды артық санаған – тапсырыс берушіге шүбәсіз сенген. Үшіншіден, осыған дейін Қазақстан тәуелсіздігі мен территориялық тұтастығына қарсы талай рет мәлімдемелер жасалды. Олардың барлығы дін‑аман, тіптен белгілі дәрежеде «сый‑құрметке» бөленген болатын. Бұл да оған ықпал етуі мүмкін дейміз...

Ең соңында айтарымыз, бұрындары Қазақстанда қандай да бір шиеленісті мәселе туындай қалса, іле‑шала  орыс пропогандасы «Қазақстанның жері, мемлекеттік лигитимдігі» мәселесін дүр етіп көтеретін... Соңында, Қазақстан билігі оны «оңынан шешіп» өз халқын тыныштандыратын... Сондықтан, бүгінгі Тина Канделаки осы «ескі жағдайды» да еске алып әрекет жасады ма деген күдікті де жасырмаймыз...

Ақыр соңы, міне осы жағдайға  алып келгені өкінішті, әрине...

Abai.kz

38 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1464
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3231
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5333