Дүйсенбі, 23 Желтоқсан 2024
1508 6 пікір 31 Қаңтар, 2024 сағат 14:25

«Сабырмен қарау керек»: Министр жұмыртқаның қымбаттауы туралы не деді?

ҚР Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев еліміздегі дүкендерде жұмыртқа бағасы неліктен өскенін түсіндірді. 

«Елімізде жұмыртқа бағасының өсуі байқалды. Яғни, маусымдық өсім болды», - деді Арман Шаққалиев.

Министр өзі басқарып отырған ведомство тауар бағасына мониторинг жүргізіп жатқанын айтты.

«Бұл саладағы өзгерістер үнемі маусымдық сипатта болады. Бұған үйренуіміз керек. Жазда жұмыртқа арзандаса, қыста қымбаттайды, бұған сабырмен қарау керек», - деді А. Шаққалиев.

Ведомство басшысы қазір елімізде 5 млрд 100 миллионға жуық жұмыртқа өндіретін 34 құс фабрикасы бар екенін айтты. Жылына Қазақстан халқы 5 миллиард жұмыртқа сатып алады.

фото: caspianlife.kz

Abai.kz

6 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 1970