Интернет-конференция: Есен Елеукен (басы)
Интернет-конференциямыздың кезекті қонағы – Қазақстан КВН одағының президенті Есен Елеукен оқырмандардан келіп түскен сауалдардың алғашқы легіне жауап беріп отыр. Есен мырза қазіргі КВН-ның әзілдері туралы айта келіп: «Әр адам өз тереңінен су ішеді» дейді. Егер қаптаған әзіл-қалжыңның арасынан тек таязы мен арзанын ғана байқаса, ол адамның деңгейінен хабар беретін сияқты. «Жайдарман» тек салмақты әзілмен сойып салады деген пікір білдіруден аулақпын, дегенмен көрермен аудиториясы әртүрлі екенін есепке алсақ, әр жастағы, әр көзқарастағы адамның жанына жақын тақырыптары болады. Біз барлығын қамтуға тырысамыз» дейді.
- Қазақстандық КВН мен «Жайдарманның» қысқа тарихын айтып беріңізші?
- Қазақстандық КВН-нің тарихын толығырақ білмеймін. Менің білетінім, алғаш рет арнайы чемпионатты танымал жүргізуші Альбек Тастайбеков жүргізген. Қазақша КВН-нің арнайы біріншілігі 1999 жылы 23 желтоқсанда өз бастауын алды. Оның негізін қалаушы Алматай Бансатдинқызы Көздібаева. Ал «Қазақстан КВН одағы» 2005 жылы 20 маусымда құрылды.
- Есен аға, ассалаумағалейкүм. Мен Қызылорда қаласынанмын. «Жайдарманға» ұзақ өмір тілеймін. Әрқашан биіктен көрініңіздер.Бүкіл «жайдарманшылар» тобымен әрдайым жас қалпытарыңызда қалыңыздар. Біз жанұямызбен жанкүйер болып отырамыз. Бай қуатты болыңыздар.
Интернет-конференциямыздың кезекті қонағы – Қазақстан КВН одағының президенті Есен Елеукен оқырмандардан келіп түскен сауалдардың алғашқы легіне жауап беріп отыр. Есен мырза қазіргі КВН-ның әзілдері туралы айта келіп: «Әр адам өз тереңінен су ішеді» дейді. Егер қаптаған әзіл-қалжыңның арасынан тек таязы мен арзанын ғана байқаса, ол адамның деңгейінен хабар беретін сияқты. «Жайдарман» тек салмақты әзілмен сойып салады деген пікір білдіруден аулақпын, дегенмен көрермен аудиториясы әртүрлі екенін есепке алсақ, әр жастағы, әр көзқарастағы адамның жанына жақын тақырыптары болады. Біз барлығын қамтуға тырысамыз» дейді.
- Қазақстандық КВН мен «Жайдарманның» қысқа тарихын айтып беріңізші?
- Қазақстандық КВН-нің тарихын толығырақ білмеймін. Менің білетінім, алғаш рет арнайы чемпионатты танымал жүргізуші Альбек Тастайбеков жүргізген. Қазақша КВН-нің арнайы біріншілігі 1999 жылы 23 желтоқсанда өз бастауын алды. Оның негізін қалаушы Алматай Бансатдинқызы Көздібаева. Ал «Қазақстан КВН одағы» 2005 жылы 20 маусымда құрылды.
- Есен аға, ассалаумағалейкүм. Мен Қызылорда қаласынанмын. «Жайдарманға» ұзақ өмір тілеймін. Әрқашан биіктен көрініңіздер.Бүкіл «жайдарманшылар» тобымен әрдайым жас қалпытарыңызда қалыңыздар. Біз жанұямызбен жанкүйер болып отырамыз. Бай қуатты болыңыздар.
Ініңіз, Арман деп білерсіз.Рахмет
- Рахмет Арман! Сағанда сәттілік!
- Жайдақ күлкі шақыратын ойсыз, салмақсыз әзіл қалжыңдар адамды рухани таяздандыруға алып келмей ме? «Заманына қарай адамы» дегенді «Заманына қарай қалжыңы» деуге бола ма? Сонда қайда кетіп барамыз? Қазақ қалжыңының болашағын қалай елестетесіз? Саусақты шошайтса да күле беретін кезге қарай кетіп бара жатқан жоқпыз ба? КВН қазақы тұлғамызды бұзуға септігін тигізбей ме?
- «Әр адам өз тереңінен су ішеді» дейді. Егер қаптаған әзіл-қалжыңның арасынан тек таязы мен арзанын ғана байқаса, ол адамның деңгейінен хабар беретін сияқты. «Жайдарман» тек салмақты әзілмен сойып салады деген пікір білдіруден аулақпын, дегенмен көрермен аудиториясы әртүрлі екенін есепке алсақ, әр жастағы, әр көзқарастағы адамның жанына жақын тақырыптары болады. Біз барлығын қамтуға тырысамыз. Меніңше, осы сайыс арқылы тұлғаларды қалыптастырып жатқан сияқтымыз. Көше кезіп төбелес іздеген немесе ана тілінен адасып қалған талай бала «Жайдарманға» деген махаббатының арқасында дұрыс жолға түсіп, мақалдап сөйлегенде кез келгенді жаңылдыратын деңгейге дейін көтерілгендер бар.
- Есен, ҚБН да ойнап жүрген ессіз, шапиток-шарилерге ұлттық киім, домбыра, хан, би мен батырларымызды келемеждеп, қисаңдауды доғартыңдар. Қыздар ибасымен боолсын да, ұлдар қатын дауыспен қылмаңдауды қойып, қисаңдамай ойнасын.
- Кейде бізде бойында өзін-өзі кемсітушілік (комплекс неполнеценности дейді ғой) бар ма деп қаламын. «Тым тәттінің дәмі тез кетеді». Ұлы тұлғалар мақтанышымыз, оған сөз жоқ. Бірақ осы тақырыпта әзілдерді қозғағанмен жеке басына нұқсан келтіріп, қайраткерлердің өр тұлғасын кішірейтетін жағдайлар орын алды деген әсірелеу деп санаймын. Егер тарихи тақырыпта сөз қозғалса, демек жастар бұл туралы хабардар, қызығады, ізденеді. Ал оның қандай айыбы бар? Сосын қыздың, ұлдың рөлін сомдағаны туралы. Бұл - өнер. Сахнада рөл ойнаса өмірде де қыздай қылымсыған жігіт екен деген сөз емес. Құдайберген ағамыз салған әжеміздің образы барлығымызға таныс емес пе еді? Меніңше бұл өнердің жаңа қырын көрсетсе керек. Ал қызтекелікке меңзеген болсаңыз, қазір ондай бейнелер шығаратын «дерттен» айыққанбыз. Қайта «ауру» да жоспарымызда жоқ.
- КВН-шілер қазақ пен қазақты орысша сайрататын "таксист" Мурат Оспановтай (НТК) болса,бетіне түкіргізіп,содан соң ол адаммен соттасып жүрген Танирберген Бердонгаровтай болса,"харлем шейк" билеп,"үш байға қатарынан тием" деп жүрген Бахыт Сыздыковадай болса,телекөрермендерге жұмыртқа лақтырғыш Қоянбаевтай болса, жетіскен екенбіз!
Есен інім,сен қай категорияға жатасың?
- Алдыңғы үшеуіне дауым жоқ! Нұрлан Қоянбаевтың әзілін дұрыс түсінбегенсіз-ау... Категорияға келер болсақ, өз еркіңізде қайсысына жатқызамын десеңіз де.
- Осы КВН қажет пе қазаққа? Қойып кетуге болмай ма?
- Керек. Қазіргі қазақ тілді жастардың басын қосатын жалғыз демейін, ең ірі ұйым десем қателеспеймін. Сіздің ойыңызша қойдық дейік. Сонда қалтарыста анайы қылыққа үйір болып, шетел сериалынан көргенін үстіне жамап, шылымын будақтатып жүрген жастар, сахнаға шығып бой түзеп, бойында бар аз өнерін ары шыңдап, жүріс-тұрысын ретке келтірген құрбыларынан артық па? Жалпы Сіз қай тәрбиені жақтайсыз?
- Мың жерден өңін айналдырсаңдар да сол КВН-ің қазаққа жараспай тұрады. Меніңше сол КВН-де ойнап жүрген балаларға обал. Байғұстар көрерменді күлдіреміз деп қиналып кетеді. Оларда мақсат біреу ғана: күлдіру, болды. Сол үшін, анайы сөздер де айтып жібереді, сол үшін жабайы қылықтар да көрсетеді, сол үшін қазақтың қасиетті ұғымдарын, салт-дәстүрін келемеждейді, сол үшін тілімізді де бұрап шұбарлап жатады. Сондай қымбат бағамен келген арзан күлкі қазаққа қажет пе?
Сосын ана "наша казашадағы" Нұртас Адамбайып дегенді көрсең айтшы, қазақты мазақтап ырбаңдауын қоймаса, тауып алып тұмсығын бұзам. Арлан Қасқырұлы
- Осы және осыған дейінгі тек қаралаудан тұратын сұрақтардың иесіне тән бір қасиет бар сияқты. Ол, ешқайсы КВН-ді қарамаған, ең жақсылары біреуден естіген, әйтпесе көппен бірге жамандауға көшкен жандар сияқты. Қайталап айтайын, әркім өзінің деңгейіндегі нәрсені көреді. Одан биік тұрған нәрсені қол жетпеген соң шын өнер сүйетіндер тамсанады, өкінішке орай төменнен тұрып балшық шаша салуды оңай көретіндер де кездеседі. Қазіргі жастардың сүйіп көретін, рейтингі жоғары бағдарламалардың бірі «Жайдарман» екенін ескерсек, керісінше ұлттық мәдениетті жастардың тілінде дәріптеу деп баға беретін едім. Және мемлекеттік тіл саясатын да қолдайтын бірден-бір жастар қозғалысы деп сенімді түрде айта аламын.Айтпақшы Нұртаспен таныстығым болса да араластығым жоқ. Сондықтан істеген ісіне баға бере алмаймын, ал тұмсығын бұзу туралы... Адамбаевтың осы бағытта әзілдеп жүргеніне 6 жылдың жүзі болды. Соған қарағанда, істен көрі, сөзге жақынсыз-ау деймін.
- Асалаумағалейкум, Есен аға! КВН болып жатқанда мағынасыз сөз бен әзілсымақ бірдеңелерді сахнада тұрып тыңдау сізге қандай әсер етеді. Көгілдір экранның алдында отырып біз ұялып кетеміз. О баста дұрыс шыққанда шығар. Қәзір адам ұялатын халге жетті. Бұрынғы КВН-нен түлеп шыққандар бүгінде телеарналарда жүргізушілік "шеберліктерін"танытып жүр. Әрине, Тұрсынбек Қабатовтан басқасы халтурщик екені айтпаса да түсінікті. Сұрағым: қазақ деген ұлттың намысы үшін осы «Жайдарманды» тоқтатуға болмай ма? Сізді де түсінем, жеп отырған наныңыз... бірақ, намыс оданда жоғары болу керек қой. Алдын ала рахмет.
Ерқанат,Нарынқолдан
- Уағалейкумассалам! Мен «Жайдарманды» тауып отырған наным емес, жаным сүйетін ісім ретінде қараймын. Және де жастардың ұтымды әзілдері мен қышыған жерді дәл табатын қалжыңдарын сүйсіне тыңдаймын. Олардың түлеп ұшып, әр жерден төбе көрсетіп жүргендерін мақтан тұтамын. Егер оларды жүргізушілікке, тағы бір басқа қызметке шақырып жатса бір қажетке жарағандары, еңбектің еш кетпегені деп ойлаймын. Сіз айтпақшы халтурщик болса дарынсыз, сауатсыз адамға маңызды, жауапты қызметтің тізгінін ұстата салатын сол арнаның басшылары да ақымақ адам емес шығар. Әрине, «Жайдарманды» тоқтатуға болады, бірақ одан ұтылатынымыз анық.
- ,Копирование – это само убийство. Ozderinde kreativ bolmagan song, oristarga eliktep nan tauip zhep zhurgenderdi tusinbeimin. Zhai kazahtardinga rasinda talant kop, solarga zhol berse, kandai tamawa bolaredi. Qazir biz Nagiz talantti kazahtardi Kitaidin televideniyasinan izdep tauip korip zhurmiz. Taskin degen zhigittin ademi dauisin estidik. Kitailarga sau bolsin deimiz.
- Біріншіден, бірінші сөйлеміңізді түсінбедім. Мүмкін болса қазақшасын айтсаңыз. Екіншіден, сөз арасын бөліп жазсаңыз құба-құп болар еді. Үшіншіден, Тасқын бауырымыздың өнеріне біз де тәнтіміз, бірақ бұл қазақ жастарының арасында басқа да талант жоқ дегенді білдірмесе керек. Және де сондай талантты жастардың барлық жағынан ашылып, халыққа танымал болуына жағдай жасап жатқан «Жайдарманға» көшірме дегеннен басқа қандай кінә тағуға болатынын түсінбедім. Көшірме болғанда да бас жоқ, көз жоқ тіке аударып алған емес, ұлттық мүддеге сай, қазақи қалжыңға ыңғайластырып өңделсе тіптен жақсы ғой.
- «Жайдарманды» көремін. «Жайдарман» шығатын кұні Ұлтық арнаны бала-шағамызбен көреміз. Ұтқыр ой қоғамдық мәселелерді өздерінше өте жақсы жеткізіп жатады.Әрине, «Жайдарман» біреулерге ұнамайтын шығар, бірақ жалпы халыққа ұнайды. Jbek
- Рахмет!
- Сұрағым: мүмкін болса ауылдан әлі де жастарды тарту жоспарыңызда бар ма?
Сонғы кезде ел кітап оқымайтын болып барады, сондықтан қазақ жазушыларының кітабынан қызықты тапсырмалар беріп, әзілкештерді кітап оқытып үйрету мүмкін бе?
Шеттегі қазақтардан «Жайдарманаға» анда-санда шақырып қойсаңыз қайтеді?
Сосын, жымыйып қойып отыратын төрешілерді алда көре аламыз ба?
Жігіттер жанын сап, жан таласып жатады. Соңында сыйлық бергенде байқағанымыз: бәріне бір-бір құттықтау хат беріп қоя беретін сияқтысыздар? Нееге? Еліміздің танымал адамдарына пародия жасатқызу мүмкін бе?
Алда қандай жоспарыңыз бар?
Ісіңізге сәттілік!
Жауап беріліп жатса, алдын ала рақмет!
- Мектепте қысқа да нұсқа сауалнама толтыратын дәптерлер болушы еді. Тізбектелген сұрақтар реті соған ұқсайды екен. Мен де қысқа да нұсқа жауап берейін: Ауыл жастары тартылып жатыр. Қазір телевизиялық лигада жүрген топтардың 30 пайызы, ал республикалық мектеп лигасындағы оқушылардың 60 пайызы ауылдан шыққан топтар. Егер «Жайдарман» ойнайтын студенттердің көпшілігі қалада шоғырланған десек бұл жаман көрсеткіш емес. Жұмыс ары қарай да жалғасады. Әзілкештерге кітап оқу туралы тапсырма беріледі және ол қадағаланады. Қазір мектеп оқушыларына арналған, білім және министрлігі бекіткен арнайы «Жайдарлы Жасұлан» ойындары өтеді. Онда негізгі күш парасаттылыққа бағытталады. Алғашқы қадамдар да жаман емес. Шеттегі жастарды шақырғымыз келеді, шақырып та жүрміз. Өкінішке орай қаржылық жағдай мен құқықтық мәселелер қолды байлайды. Төрешілер әділ және өнерден хабары бар адамдар. Біз оларға олай істе, былай қыл деп құзыр жүргізе алмаймыз. Жалпы меніңше қазылар әдемі жымиып отыратын сияқты. Жігіттердің үлкен сыйлығы «Жайдарманнан» алатын тәрбиесі. Бағалы сыйлық бермейсіздер ме дегенді меңзесеңіз, ондай да болды. Балалар сыйлықсыз емес, алаң болмаңыз. Танымал адамдарға пародия да жасалады. Барлығы ойыншының талантына байланысты. жасама деген шектеу жоқ. Жоспар көп, ол енді бөлек әңгіме.
- Орныңызды біреуге беруге дайынсыз ба?
- Дайынмын.
Мұрат Әбеновтан басқа қазылар алқасының құрамын қайта қарастырсаңыз.
- Толыққанды болмаса да, маусым сайын өзгертулер болып тұрады.
Орыс лигасымен байланыс бар ма? Жоқ болса неге? Менің ойымша бір Қазақстанда тұрған соң байланыс болу керек сияқты.
- Қазақстандағы барлық орыс тілді лигалармен қарым қатынас бар.
Қазақстандағы бір жастар ұйымымен байланыс орнатып жатыр деп естідік. Осыны толығырақ таратып айтсаңыз.
- Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Жастар саясаты жөніндегі кеңеспен әріптестік жөнінде меморандумға отырдық.
- ҚР Парламенті Мәжілісі туралы ойыңызды білсек.
- Қашан толыққанды мемлекеттік тілде сөйлейді екен?
Үкіметтің жұмысына қандай баға бересіз?
- Орташа
Нұртас Оңдасынов деген азаматты білесіз бе? Интернеттен судыратып көшірудің қажеті жоқ. Не білемін не білмеймін деп айтыңыз.
- Білемін
Өтірік айтып көрдіңіз бе?
- Көрдім.
- Есен, бұрынғы "Тамаша", "Бауыржан-шоу" сияқты әзіл-сықақ театрларымен бірге "Қымызхана" атты бағадарламалардың әртістерін бүгінгі квншлер біле ме?
- Барлық жайдарманшыларға жауап бере алмаймын. Өз басым бұрынғы «Тамаша» мен «Бауыржан-шоудың» әртістерін танимын. Өкінішке орай «Қымызхана» бағдарламасында ойнағандар есімде жоқ.
- "Шаншар", "Екі езу", "Терісқақпай" театрларына қалай қарайсың?
- Пікір бере алмаймын.
- Біреуден көшірген нәрсенің сапасы ешқашан түпнұсқадан артық бола алмайды. Мүмкін өзіміздің жанымызға, табиғатымызға жақын соны дүние ойлап тапқан дұрыс шығар. Мысалы, айтыс менің жаныма жақын, оны мен өнердің ұшар шыңы деп бағалаймын. Өйткені бір ғана айтыстан өнердің барлық жанрларын көруге болады. Айтыстан, суырып салма ақындықты көресің, әншілік, жыршылық, күйшілікті, сазгерлікті көресің, тапқырлықты көресің, айтқыштықты көресің, шығармашылықты көресің, пародияны көресің, театрландырылған көріністің элементтерін көресің, тарихыңды танисың, өткен ата-бабаларыңның тіршілігін елестетесің, болашағыңа үңілесің, қазақтың күлкісін, қазақтың қарым-қатынасын көресің, мұңаясың, шаттанасың ошшым, бәрін көресің. Тіпті саясаттың көкесін көріп қаласың. Сондықтан шығар айтыс десе «Нұр Отанның» зәресі ұшып бақылауда ұстап отыратыны. Арлан Қасқырұлы
- Мен де айтыстың жанкүйерімін. Барып қарауға қолым тие бермесе де теленұсқасын жібермей қараймын. Ойымыз бір жерден шыққанына қуаныштымын... Байқасаңыз, «Жайдарманның» қазылар алқасы құрамында айтыскер ақындарымыз бар.
- Тапқырларға миниатураны кім жазады? Өздері ме? Олар жарысқа ғана дайындалып, былайғы кезде шығармашылықпен айналыспайтын сияқты. Оларғаарналғанүйретусабағы, не семинар бола ма? Ойындарыталқыланама? Қылжақ пен ырбаңнанқұтылудыңжолдарыніздестіріпжатырсыңдарма?
- Ойынның бары сценрийлерін ойыншылар өздері жазады. Арнайы редакторлар ойын алдында дайындықтарын тексереді, теленұсқаға сай қылып дайындайды, кейбір жерлерін өзгертеді, артық тұстарын кешіп-пішіп, қалыпқа келтіреді. Семинарлар өтеді. Қатысушылар студенттер. Олар ойын үшін ешкім жалақы төлемейді. Сондықтан ойыннан тыс уақытта сабақтарын оқиды, жұмыстарын істейді.
- КВН-де Шымкенттікелекеқылады да жатады. Осы не әдет?
Тек Шымкент канаемес, әр өңірдіңөз ерекшеліктерінқылжаққа айналдырудан басқаға тапқырлықтары жетпеймеқылжақбастардың?
- Сізге дисктегі емес теледидардағы ойындарды көруге кеңес беремін. Рас, бұрын Шымкент жайлы әзілдер көп болды, себебі оңтүстіктен шыққан топтар көп еді. Олар өздерінің туған жерлері, менталитеті, ерекшеліктерін әзіл формасында ұсынатын. Қазір жан-жақтан құралған топтар, әрқайсы өз өңірлеріне жарнама жасайды. Мысалы Семейліктер өздерінің қаласының маңызды мәселелерін әзілмен жеткізіп, үнемі сынға алып жатады. Оның еш айыбы жоқ сияқты.
- Осы біздің Квн-де неге қызтекелік насихатталады? Тиым салыңыздаршы.
- Қызтекелік пен қыздың рөлін сомдау екі түрлі дүние екенін ескерсеңіз. «Жайдарман» театр емес, қызды көрсету үшін киімін киіп, бұрымын өріп, бетін қызартып шығу шарт емес. Айналдырған 30 секундта бір мәселені көтеріп, тастайтын жылдам ойын кезінде толық киініп шығу мүмкін де емес нәрсе. «Жайдарманда» қыздың рөлін сомдап жатқанын атап өтсе болғаны.
- Ең бірінші көкейімдегі сұрақ, премьер лига неге Астанаға көшірілді. Алматылықтар «Жайдарманды» сағындық. Келесі жылы премьер лиганы Алматыға қайтарсаңыз керемет болар еді. Астанаға 2 есе көп күлкі сыйлайсыз, ал Алматыны ұмытып кеттіңіз.
- Премьер лига Алматыдан кеткенімен "Жайдарман" кеткен жоқ. Алматы ашық лигасы, Алматы қалалық лигасының ойындары үнемі өтіп тұрады. Келіп қараймын десеңіз, мархабат!
(Жалғасы бар)
Abai.kz