Алматыда тұрғын үйлерге лай көшкіні түсті
Алматыда топырақтың лайлануы сапдарынан техногендік сипаттағы лай көшкіні жүрді, - деп хабарлайды Abai.kz тілшісі.
Оқиға орнына қала әкімі Ерболат Досаев барып, бүлінген ғимараттарды аралап, шұғыл көшпелі кеңес өткізді.
"Басты басымдық - іздеу-құтқару жұмыстары. Алдын ала ақпарат бойынша үйде тұратын адамдарды іздеу бойынша барлық жұмылдыру топтарының жұмысын үздіксіз қамтамасыз ету қажет", - деді Ерболат Досаев.
Лай көшкіні 4 адамнан тұратын отбасының үйін басып қалған. Аудан әкімі оқиға орнынан бір адамның мәйіті табылғанын жеткізді.
"Шынымен де, ондай ақпарат бар. Екі бала аудандық 8-мектепте оқыған болатын. 16 жастағы балалар. Мектеп директоры осында. Бүгін мектепке келмеді. Анасымен, өгей әкесімен. Қазір бір адам табылды. Қалғандарын іздестіру жұмыстары жалғастырып жатыр", - деді әкім.
Фото: Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі
Abai.kz