Бетперде тағу режимі күшіне енді
Соңғы уақытта адамдардың бойын әлсіздік билеп, тер басатын аурулар жиілеп кетті. Сәйкесінше, елімізде Сovid-19, қызылша және тұмауға қарсы профилактикалық шаралар күшейтілуде.
Қазақстандағы бас мемлекеттік дәрігері Айжан Есмағамбетова ауа-тамшылы арқылы таралатын жұқпалы аурулардың алдын алу шараларын күшейту туралы қаулыға қол қойды. Аталмыш аурулардың қатарына қызылша, Сovid-19, тұмау және ЖРВИ енгізілген.
Қаулыға сәйкес, медициналық ұйымдарда бетперде кию режимі енгізіліп, антисептиктердің болуы керектігі көрсетілген.
Ал өңірлерде инфекцияның алдын алу шаралары бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілетін болады.
Бас санитарлық дәрігер өз жарлығында адам көп жиналатын жерлерде медициналық немесе матадан жасалған бетперде киюді ұсынды.
Abai.kz