Сенбі, 23 Қараша 2024
1381 1 пікір 9 Ақпан, 2024 сағат 17:04

Ұялам, но үй алам: Мемлекеттен тегін үй алу үшін 454 адам кезекке заңсыз тұрған

Коллаж: azattyq-ruhy.kz

Кезекте тұрған 33 мың азаматтың 454-і тұрғын үйге мұқтаж адамдар санатына жатпайтыны анықталды, деп хабарлайды Abai.kz.

Тұрғын үй заңнамасының сақталуына тексеріс жүргізген Қарағанды облысы прокуратурасы 50 адамға ауданы заң талаптарына сәйкес келмейтін пәтерлердің берілгенін анықтаған.

Нәтижесінде аталмыш мәселені қатаң бақылауға алған. Көрсеткіш сын көтермеген. Кезекте тұрған 33 мың азаматтың 454-і аталған санатқа жатпайтыны және мемлекеттік қордан тұрғын үй алуға құқығы жоқ екені анықталды.

"Азаматтардың жалға берілген тұрғын үйге төлемдер бойынша қарызы – 20 млн теңге, ден қою актілері бойынша жергілікті атқарушы органдар сотқа талап-арыз берді. Шахтинск қаласында жекешелендіру түріндегі алаяқтық фактісі анықталды. Қылмыстық кодекстің 190-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды", – деп жазылған хабарламада.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1481
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3253
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5475