Сенбі, 23 Қараша 2024
1162 1 пікір 12 Ақпан, 2024 сағат 16:37

Киік атуға тағы да тыйым салынды

Қазақстанда ақбөкендерді ату тоқтатылды. Бұл туралы экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев баяндады, деп хабарлайды Abai.kz.

Министрдің айтуынша, киікті ату отандық ғалымдармен және халықаралық сарапшылармен консультациялар мен талқылаулардан кейін тоқтатылған.

– Қыста қозғалыс қиын. Сондықтан 10 ақпаннан бастап біз ақбөкендердің санын реттеу процесін тоқтаттық. Былтырғы жылды ескере отырып, биыл мамыр айында егжей-тегжейлі есеп жүргізіледі", - деді экология министрлігінің басшысы мәжіліс кулуарында.

Бұл шешім 10 ақпаннан бастап күшіне енді. Болжам бойынша аталмыш аңдарды ату тоқтатылса, көктемде ақбөкен санының 40% артуы болжанып отыр. Ал былтырғы популяцияны ескергенде олардың саны шамамен 2,5–2,6 млн басты құрайды.

Ал таяуда экология және табиғи ресурстар министрлігі 2024 жылы киікті атуға әуесқойларға да рұқсат беру мәселесін пысықтап жатқаны хабарланған еді.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1483
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3255
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5502