Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2540 0 пікір 5 Қараша, 2013 сағат 17:43

Жаңаөзенді жаңғыртқан жобалар

Жылдан-жылға көркейіп, өсіп келе жатқан Жаңаөзен қаласы жаңару үстінде. Қазір мұнайшылар қаласында салынып жатқан сәулетті ғимараттар мен тұрғын үйлер, мәдени-тұрмыстық кешендер мен білім шаңырақтары аз емес. Жаңаөзен қаласын дамытудың Кешенді жоспары, моноқалаларды дамыту, Жаңаөзен қаласының кәсіпкерлігін дамытудың Арнайы жоспары мемлекеттік бағдарламалардың шеңберінде іске қосылып жатқан әлеуметтік-экономикалық нысандар мұнайшылар қаласының ажарын аша түсуде.

Жылдан-жылға көркейіп, өсіп келе жатқан Жаңаөзен қаласы жаңару үстінде. Қазір мұнайшылар қаласында салынып жатқан сәулетті ғимараттар мен тұрғын үйлер, мәдени-тұрмыстық кешендер мен білім шаңырақтары аз емес. Жаңаөзен қаласын дамытудың Кешенді жоспары, моноқалаларды дамыту, Жаңаөзен қаласының кәсіпкерлігін дамытудың Арнайы жоспары мемлекеттік бағдарламалардың шеңберінде іске қосылып жатқан әлеуметтік-экономикалық нысандар мұнайшылар қаласының ажарын аша түсуде.

 Мемлекет басшысының тапсырмасымен жүзеге асырылған «Моноқалаларды дамыту» бағдарламасы бойынша жұмыстар Жаңаөзен қаласында өткен жылы бастау алды. Бұл бағдарлама негізінде 2012 жылы республикалық бюджеттен 477 млн. теңге бөлініп, олар толықтай игерілді. Осы қаражатқа қаланың орталық бөлігінде орналасқан «Самал» шағынауданында толықтай, «Көктем» шағын ауданында жартылай қалаішілік жолдарға ауыстыру, күрделі жөндеу және қайтадан қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді. Атап айтқанда, асфальт жабындысы бар алаңша мен 14763 шаршы метр автокөлік жолы салынып, 20766 шаршы метр асфальтқа жаңарту мен кеңейту жұмыстары жасалды, асфальт жабындысы бар алаңша мен 14942 метр жаяу жүргіншілер жолы салынды, жаяу жүргіншілер жолы мен алаңшаларға және жолға 30750 метр жиектастар орнатылып, 4967 метр ескі жол тегістелді. Сонымен қатар «Самал» шағын ауданында 2 ойын алаңшасы мен №5 және №18 орта мектептерде спорттық ойын алаңшалары пайдаланылуға берілді.

Жаңа бағдарлама аясында атқарылған жұмыстардың алғашқы кезеңінің өзі шаһардың еңсесін көтеріп, тұрғындардың көкейінде ертеңгі күнге деген сенімін ұялатты. Бірнеше жыл бойы жөндеу көрмеген жолдар ретке келіп, көп қабатты тұрғын үйлер аулаларында ашылған ойын алаңдары балаларды қуанышқа бөледі.

Жақсы іс жалғасын тауып, биылғы жылы да аталған бағдарлама шеңберінде бөлінген қаражаттарға көптеген жұмыстар атқарылып, қала халқы үшін жасалған игі істер көбеюде.

Үстіміздегі жылы «Көктем» шағынауданының аулаішілік көшелерін абаттандыруға республикалық бюджеттен бөлінген 220,9 млн. теңгеге 3818 шаршы метр асфальт жабындысы бар алаңша мен жаңадан автокөлік жолы салынды. 8692 метр 2 жол кеңейтіліп, асфальт төселді, 5359 шаршы метр асфальт жабындылы жаяу жүргіншілер жолы пайдаланылуға берілді, 6863 метр жаяу жүргіншілер жолы мен жол жиектеріне, алаңшаларға жиек-тастар орнатылды. Жалпы бөлінген қаражаттың игерілуі 98,4 пайыз құрады.

Достық пен Қосқұлақов көшелеріндегі қалаішілік автокөлік жолдарын күрделі жөндеуге 2013 жылы республикалық бюджеттен 196,5 млн. теңге бөлінді. Бұл бағытта қазір жұмыстар қарқынды жүргізілуде.

Жаңа бағдарламада Жаңаөзен қаласының әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымдарын дамыту қарастырылды. Осыған орай Жаңаөзен қаласының, Қызылсай мен Теңге ауылдарының
жер телімдеріне 340,7 млн. теңгеге жасақталған жобалық-сметалық құжаттама бойынша инженерлік желілерге құрылыс жұмыстары аяқталып, нысандар қабылдануда. Бұл мақсаттағы қаражат түгелдей дерлік игерілді.

Моноқалаларды дамыту бағдарламасында халықты жұмыспен қамту, олардың экономикалық белсенділігін арттыру және жаңа жұмыс орындарын құруға жәрдем беру жағы да қарастырылды.
Бұл ең басты бағыттардың бірі болып есептеледі. Жаңаөзенде жұмыссыздық мәселесін шешу кәсіпкерлікті қолдау мен дамыту арқылы жүзеге асырылады. Бағдарлама бойынша Үкімет тапсырмасы да осыған саяды. Кәсіпкерлікті қолдау мақсатында Жаңаөзенге инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымдарды дамытуға республикалық бюджеттен 115,0 млн. теңге бөлініп, қаланың өндірістік аймағынан өндірістік алаң құрылысы үшін жалпы ауданы 30 гектар жер телімі берілді. Өндірістік алаңның инженерлік инфрақұрылымдарын жүргізуді жыл соңына дейін аяқтау көзделуде. Мұнда орта есеппен 25 кәсіпкер (жиһаз цехы, ұн комбинаты, нанобетон шағын зауыты, шина жөндеу цехы және т.б.) орналасып, 400-ге жуық жаңа жұмыс орны ашылады деп күтілуде.

Қала бойынша сұранысқа ие болған өнімдер шығарып, қызмет түрлерін көрсету үшін жеке кәсіпкерлікпен айналысатын азаматтар түрлі жобалар ұсынуда. Жобалар талқыға салынып, қажет етілген жобаларды жүзеге асыру үшін олардың несиелерінің пайызын
төмендетіп, субсидиялау жұмыстары да жүріп жатыр. Осы мақсатқа бөлінген 198,0 млн. теңге мерзімінде 100 пайыз игерілді. Ал жаңа инновациялық жобаларға гранттар беруге 15,0 млн. теңге бөлініп, оның 30 пайызы иелерін тапты, қаражаттың қалған бөлігі жоспарға сай кезеңде беріледі.

Мемлекеттік бағдарламалар Жаңаөзенде жақсы нәтижесін беріп отыр. Қала халқы күнделікті көз алдында атқарылып жатқан ауқымды істердің куәсі болуда. Ел риза болса, істің алға басқаны
деп білеміз. Жолы жөнделген, көшесі жарық, пәтері жылы, жеке кәсібі жолға түсіп келе жатқан жаңаөзендіктер алдағы болашаққа зор үмітпен қарайды. Біз бұл жақсылықтардың жалғасын таба беретіндігіне кәміл сенеміз.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1469
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3244
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5404