Мамырда киік санағы жүргізіледі
Данияр Тұрғамбаев киік атудың келесі кезеңі қашан басталатынын айтты, деп жазады Abai.kz.
«Оған биологиялық негіздеме жазылады. Негіздемені ғылыми мекемелер жасайды. Сол кезде мерзімі, мезгілі анықталады. Мезгіл бойынша, биыл, маусым-шілде айларына дейін негіздеме дайын болуы керек. Санақтан кейін ғой. Мамыр айында санақ өтеді. Сол санақ қорытындысы бойынша дайындалады», - деді экология және табиғи ресурстар министрлігінің орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті төрағасының міндетін атқарушы.
Еске сала кетейік, ақпан 2024 жылдың 10 ақпанынан бастап киіктерді атуға қайтадан тыйым салынған болатын.
Abai.kz