Сенбі, 10 Қазан 2026
1876 0 пікір 14 Ақпан, 2024 сағат 12:32

Сәтпаев қаласының әкімі пара алды деген күдікпен ұсталды

Сурет: ашық дереккөзден алынды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Сәтпаев қаласының әкімі пара алды деген күдікпен ұсталғанын растады. Бұл туралы Abai.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

2023 жылдың қаңтарында әкім болып сайланған Шапағат Әубәкіров қазір қамауда отыр.

 “Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Сәтпаев қаласының әкімі ҚР ҚК 366-б. 2-б. бойынша сотқа дейінгі тергеу шеңберінде ұсталғанын растайды. ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды”, – деп мәлімдеді антикор.

Әлеуметтік желілерде әкімнің мердігерден 10 миллион теңге пара алып жатқан жерінде ұсталғаны жариялануда.

Abai.kz

 

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Бір тағдырдың ар жағындағы бір дәуір

Инара Аубакирова 931
46 - сөз

Академик: Ресей ғылымға қару кезенді!

Нұргелді Әбдіғаниұлы 1249