Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2934 0 пікір 11 Қыркүйек, 2009 сағат 09:32

Олжас Сүлейменов Қазақстанда жылу және атом электр станцияларының салынуына қарсы

Алматы. 11 қыркүйек. ҚазТАГ – «Невада-Семей» антиядролық қозғалыс лидері және  ЮНЕСКО-дағы ҚР өкілі Олжас Сүлейменов Балқаш көлінің маңында жылу электр станциясын салуға тыйым салу керек деген пікірді қолдады. Ол сондай-ақ Қазақстанда АЭС салуға да қарсы пікір білдірді.

«Мен, Қайрат Қамалұлы (Қадыржанов, Ұлттық ядролық орталықтың бас директоры – ҚазТАГ) жылу электр станциясының құрылысына қарсы екенін естідім. Мен де жылу электр станциясына қарсымен, бірақ мен атом электр станциясына да қарсымын», - деп ол, «Ядролық және радиациялық физика» атты 7-ші халықаралық конференцияда мәлім етті.

О. Сүлейменов, қазіргі ЖЭС-тер, егер онда «Екібастұз көмірін пайдаланатын болса, оның күлінің көптігінен» экологияға зияны орасан болады, деп қосып айтты. 

Атом электр станцияларына қатысты О. Сүлейменов, қазіргі АЭС-тердің пайдалану мерзімі 15 жыл да және 15 жыл олардың жұмысын тоқтатуға жұмсалатынын еске салды. АЭС-тердің жұмыс істеп тұруы тұрақты түрде радиоактивтік қадықтардың көзі болады, дейді ол. 

«Қалдықтардың кейбіреуі 24 мың жыл сақтауды және тұрақты түрде салқындатып тұруды қажет етеді», - дей келіп ол, қуат көздеріне тапшылығы барлардан басқа көптеген елдердің АЭС-терді пайдаланудан бас тартып отырғанын атап өтті.

О. Сүлейменов, егер ноль қалдықты АЭС пайдалану басталатын болса, ол ондай технологияларды қолдаушылардың алғашқы қатарында болатынын мәлімдей отырып, ондай технология бойынша Италияда жұмыс жүргізіліп жатқанын еске салды.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1474
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3249
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5449