Шымкент әкімдігі: Мешітке емес, мектепке барыңдар!
«Мешітке емес, мектепке барыңдар»: Шымкент әкімінің орынбасары жастарға үндеу жасады.
Шымкентте «Жастар - ізгі қоғам айнасы» атты рухани-танымдық форум өткен. Форумға қаладағы жоғары оқу орындары мен озат оқушылардан 500-ге тарта жастар қатысқан. Жиында Шымкент қаласының әкімінің орынбасары Сәрсенбек Құранбек деструктивті дін өкілдері, дін атын жамылған содырлардың әрекеті, олардың жастар санасын қалай улап жатқандығы туралы айтқан. Бұл туралы журналист Бақтияр Тайжан жазды, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Ол Шымкент қаласы Ардагерлер кеңесінің төрағасы Кенжехан Төлебаевтың модераторлығымен өткен форумда қала әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек жастарға діни экстремизмге уланбай, білім алуға шақырғанын жеткізді.
Abai.kz