Сәрсенбі, 30 Қазан 2024
Жаңалықтар 5352 0 пікір 7 Қараша, 2013 сағат 18:09

Мақсат - жемқорлықты жеңу

Сыбайлас жемқорлық дүние жүзінің барлық елдерінде теріс құбылыс ретінде таныс. Нағыз экономикалық гүлденуге сыбайлас жемқорлық құбылыстарын азайтқан мемлекеттер ғана қол жеткізетіні де белгілі. Себебі, сыбайлас жемқорлық қоғамның барлық салаларына: экономика, әлеуметтік сала, саясатқа әсерін тигізеді, ал осы құбылыстан туындайтын оның теріс салдары қоғамның ілгері әрі қарқынды дамуына кедергі келтіріп қана қоймай, ұлттық қауіпсіздік мүдделеріне нақты қауіп төндіреді.

Сыбайлас жемқорлық – бұл тек өз мүддесінде мемлекеттік функцияларды пайдалану, олар, әдетте, қоғамның, мемлекеттің ұлттық қауіпсіздігі мүдделеріне қайшы келеді. Ең бастысы – мемлекеттік қызмет көрсету сапасының төмендеуі, криминалды құрылымдар позициясының күшеюі, халықаралық лаңкестік және экстремизм секілді сыбайлас жемқорлықтың даусыз теріс салдарының орын алуы.

Сыбайлас жемқорлық ұғымын осы қылмыстың бір түрі ғана болып табылатын кәдімгі пара алу деп түсіну қате болар еді.

Қазіргі таңда сыбайлас жемқорлық дегеніміз – бұл заңдарды айналып өту арқылы өз мүддесін де материалдық және заңдық артықшылықтарды алу, «өзінің» адамдары есебінен жеке мәселелерін шешу.

Сыбайлас жемқорлық мәселесі саяси құрылымы, экономикалық дамуының деңгейіне қарамастан барлық елдерге тән болғандықтан әлемдік деңгейдегі мәселеге айналды, ол нарықтық экономикалы демократиялық елдерде де орын алады.

Сыбайлас жемқорлық әрқашан да мемлекет модернизациялау сатысында болған кезеңінде жоғары болады. Қазақстан бүгінгі таңда жай модернизациялауды ғана емес, қоғамдық, мемлекеттік және экономикалық қалыптарының түпкілікті өзгеруін басынан кешіп жатыр. Қазақстандық қоғамда осы кезде болып жатқан қалыптасқан жас тәуелсіз мемлекеттің тұрақтануына тән процестер коррупциялық қылмыстарға қарсы тұруды күшейтуді қажетті және өзекті етеді. Дүниежүзілік тәжірибе сыбайлас жемқорлық өтпелі кезеңдегі елдердің шарасыз атрибуты екендігін көрсетеді.

Қазақстан үшін сыбайлас жемқорлықты жеңу мемлекеттік саясаттың басты бағыттарының бірі болып табылады.

Сол себепті Елбасы өзінің Қазақстан халқына Жолдауында мемлекеттің жеті басымды бағыттарының бірі ретінде сыбайлас жемқорлықпен тайсалмас және аяусыз күресті атады. Өйткені, сыбайлас жемқорлықты жеңу құқықтық мемлекетті құрудың жалпы мойындалған шарты болып табылады.

Елімізде сыбайлас жемқорлықпен күресу үшін заңнамалық база құрылған. Атап айтқанда, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардың әрекеттерінде тәртіпті күшейту, сыбайлас жемқорлықпен күресті күшейту шаралары туралы» заңдар, сондай-ақ көлеңкелі экономика көлемін кішірейтуге, экономика саласында құқықбұзушылықтармен күреске бағытталған бірқатар бағдарламалар т.б. бар.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Қазақстан Республикасы Заңы азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін сыбайлас жемқорлықтан туындайтын қауіптерден қамтамасыз етуге, сыбайлас жемқорлықпен байланысты құқықбұзушылықтың алдын алу, оны айқындау, жолын кесу, ашу, салдарын жою және кінәлілерді жауапкершілікке тарту арқылы мемлекеттік органдардың, лауазымды және мемлекеттік функцияларды атқаратын басқа және оларға теңестірілген тұлғалардың тиімді қызмет көрсетуіне, сыбайлас жемқорлықпен күрестің негізгі принциптерін айқындауға, сыбайлас жемқорлыққа қатысты құқықбұзушылықтардың түрлерін, ол үшін жауапкершіліктің шарттарын орнатуға бағытталған.

Қазіргі кезде біздің республикада барлық мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалар заңға сәйкес өздерінің құзыреті шегінде сыбайлас жемқорлықпен күрес жүргізуге міндетті. Осы орайда, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі тарапынан сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы жалпыұлттық бағдарламаны жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасының салық қызметі органдарындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес стратегиясы жасалған. Ол жоғары тиімді салық қызметін құру ахуалын және перспективасын бағалауға негізделген. Стратегияның негізгі мақсаты – салық қызметі органдарындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру жүйесін жетілдіру.

Сыбайлас жемқорлық мәселесін шешу үшін екіжақты, яғни, азаматтар мен мемлекеттің қатысу қажеттігін ескергенде, лауазымды тұлғаны қызықтыру да қылмыстық іс-әрекет болып табылатынын сезіндіру өте маңызды. 

Мәселен, ҚР Қылмыстық кодексінің 312-бабының талаптарына сай мемлекеттік функцияларды атқаруға уәкілетті адамға не оған теңестірілген адамға тікелей немесе делдал арқылы пара беру 700-ден 2 000 айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не 2 жылға дейінгі мерзімге түзеу жұмыстарына, не 3 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не дәл сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады; лауазымды адамға пара беру, сол сияқты көрінеу заңсыз іс-әрекет (әрекетсіздік) жасағаны үшін пара беру 1 000-нан 3 000 айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не нақ сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады; жауапты мемлекеттік лауазым атқаратын адамға пара беру мүлкі тәркіленіп, 7 жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айырып, 5 жылдан 10 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады. Осы әрекеттерді адамдар тобы алдын ала сөз байласып немесе ұйымдасқан топ болып, не ірі мөлшерде, не әлденеше рет жасаса, мүлкі тәркіленіп, 7 жылдан 12 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады, ал жоғарыда сипатталған қылмыстық әрекеттер аса ірі мөлшерде жасалған жағдайда мүлкі тәркіленіп, 10 жылдан 15 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Құбылыс ретінде сыбайлас жемқорлыққа азаматтық қоғамның барлық институттарының жігерін жұмылдырып қана тиімді қарсы тұру мүмкін. Тек солай ғана біз неғұрлым бәсекеге қабілетті мемлекеттер қатарына кіру ұлттық идеясын жүзеге асыра аламыз.

Abai.kz

0 пікір