Жексенбі, 29 Қыркүйек 2024
1097 0 пікір 15 Ақпан, 2024 сағат 16:14

Теміртауда дүкен жарылып, адамдар үйінді астында қалды

Сурет: gov.kz

Бүгін таңертең екі қабатты дүкен ғимаратында газ жарылды. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі жариялады, деп хабарлайды Abai.kz.

Ведомствоның хабарлауынша, 15 ақпанда сағат 08.06-да Теміртау қаласындағы Ватутин көшесінде орналасқан екі қабатты дүкен ғимаратында газ жарылғаны туралы хабарлама келіп түскен.

– Зерттеу және барлау барысында зардап шеккендердің орналасқан жері алдын-ала анықталды. Үйінділерді бөлшектеуге кірісті. Тексеру және барлау барысында зардап шеккендердің орналасқан жері алдын ала анықталды. Үйінділерді талдауға кірісті. Жұмыстарға ТЖД жеке құрамынан 17 адам, 5 бірлік техника жұмылдырылды. 23 адам, оның ішінде 5 бірлік техника оқиға орнына бара жатыр, – делінген хабарламада.

Үйінді астынан әйел адам шығарылды. Қазіргі таңда жағдайы нақтылануда. Оның сөзінше үйінді астында ер адам бар. Оқиға орнындағы үйінділерді талдау әлі де. жалғасып жатыр.

Дереккөзі: ТЖМ

Abai.kz

0 пікір