Жексенбі, 29 Қыркүйек 2024
1121 0 пікір 16 Ақпан, 2024 сағат 13:55

ҰҚК терроризмді насихаттаған 17 жастағы жасөспірім ұсталды

Сурет: ҰҚК

Ұлттық қауіпсіздік комитеті күдікті деп танылған Атырау облысының 17 жастағы тұрғынын ұстады, деп хабарлайды  Abai.kz.

Кәмелетке толмаған жас жеткіншек әлеуметтік желі арқылы  терроризмді насихаттап келген.

Қазіргі таңда Қылмыстық кодекстің 256-бабы 1-бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.

Айта кетейік, былтыр аталған азаматқа ұқсас қылмысы үшін 2 жылға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалған. Қабылданған процестік және профилактикалық шараларға қарамастан, ол заңға қарсы әрекеттерін жалғастырды. Бұл ретте, террористік қылмыстар үшін жауапкершілік 14 жастан басталатынын айта кету керек.

Abai.kz

0 пікір