Сенбі, 5 Сәуір 2025
1326 1 пікір 16 Ақпан, 2024 сағат 14:15

ЖҚК: Былтыр әлем бойынша 99 журналист қаза тапты

Сурет: ашық дереккөзден алынды

Былтыр әлем бойынша 99 журналист қаза тапқан. Бұл туралы Журналистерді қорғау комитеті (CPJ) жыл сайынғы жариялайтын баяндамасында мәлімдеді, деп хабарлайды Abai.kz.

Аталмыш көрсеткіш 2015 жылдан бергі қайтыс болғандар санынан ең көп, ал 2022 жылмен салыстырғанда 44%-ға артып отыр.

Журналистерді қорғау комитеті журналистердің азаматтық тұлға екенін, оларға шабуыл жасау әскери қылмыс екенін еске салады. 1992 жылдан бері белсенді түрде санақ жүргізіп келе жатқан ұйым қаза тапқан журналистер жайында мәліметті тіркеп, жариялап келеді.

Баяндамада журналистердің үш жағдайда қайтыс болатыны атап өтілген. Олар:

  • кәсіби жұмысы үшін кек алады;
  • соғыста хабар таратып жүргенде оққа ұшады;
  •  өте қауіпті тапсырманы орындау барысында көз жұмады.

Израиль әскері мен ХАМАС тобы арасындағы жанжал кезінде 72 журналист өлім құшқан.

Abai.kz.

Дариға Асқар

1 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 1507
Анық-қанығы

Еуропаға Ресей аумағынсыз шығу жолы

Асхат Қасенғали 4228
46 - сөз

Бізге беймәлім Барақ хан

Жамбыл Артықбаев 3128