Жексенбі, 29 Қыркүйек 2024
1221 3 пікір 16 Ақпан, 2024 сағат 15:39

Екібастұз ЖЭО: 1 млрд теңге жымқырылған

Сурет: mobillegends

«Екібастұз МАЭС-2» АҚ-ны тексеру барысында 1 миллиард теңге ұрланғаны анықталды. Бұл жайлы Павлодар облысының прокуратурасы айтты, деп хабарлайды Abai.kz «Адырна» тілшісіне сілтеме жасап.

«Павлодар облысының прокуратурасы «Екібастұз МАЭС-2» АҚ-ны тексеру барысында 3-ші энергоблокты орнатумен жылу электр станциясын кеңейтуге және реконструкциялауға арналған қаражатты ысырап ету фактілерін анықтады. Расталмаған жұмыстардың көлемі шамамен 1 млрд теңгені құрады»,- делінген хабарламада

Қылмыстық кодекстің 189-бабы (аса ірі мөлшерде мүлікті жымқыру) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Оның аясында қылмыстың барлық мән-жайы, залалдың түпкілікті сомасы және оған қатысы бар адамдар тобы анықталады.

Abai.kz

3 пікір