Қытай хакерлері Қазақстандықтардың жеке мәліметтеріне қол жеткізген
Қытайдың жүргізіп жатқан ауқымды кибероперация туралы құжаттары әлеуметтік желіде белсенді таралып жатыр. Тіптен кейбір азаматтарымыздың жеке мәліметтері қытайлық кибертыңшылардың қолына түскен болуы мүмкін., деп хабарлайды Abai.kz 31 арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасына сілтеме жасап.
Цифрлық даму министрлігі мен Ұлттық қауіпсіздік комитетінің өкілдері қазір тексеру басталғанын мәлімдеді.
Бағдарлама арқылы хакерлар жеке адамдардың электронды пошталарын, телефон нөмірлері мен желідегі парақшаларын иемденіп, жеке хаттарын оқуға дейін мүмкіндік алады. Тіпті, азаматтардың парақшасы арқылы жазба да қалдыруы мүмкін. Одан бөлек, Android және іOS құрылғыларындағы мәліметтерге иелік ете алады деген ақпарат бар.
Жарияланып кеткен құжаттарда қазақстандық азаматтардың телефон нөмірлері тұрғаны белгілі болды. Жауапты ведомство өкілдері адамдарға жеке аккаунттарына өте күрделі құпия сөз жазудың маңызды екенін ескертеді. Ал бейтаныс хабарламаларды ашпауға және кез келген сайтқа өздері туралы жеке мәліметті қалдырмауға кеңес береді.
Abai.kz