Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2913 0 пікір 13 Қыркүйек, 2009 сағат 16:13

Ақырыс Сейтқазы. Қазақ боксындағы тоқырау ұзаққа созылмауы керек

Қазақ боксшылары Миландағы біріншілікті алтынсыз аяқтады! 11 боксшыдан жартылай финалға жалғыз жеткен Серік Сәпиев өз елінде де аса таныла қоймаған Андрей Замковойдан жеңіліп, әлемді үшінші рет бағындыру бақытынан айырылды. Әрине, күллі әлемді екі рет күшімен мойындатып, қазақтың туын төмен түсірмеген Серікке еш реніш жоқ. Ал Кубамен құйрық тістесіп,орыстардың да тізесін дірілдетіп,  Азияның алды болып жүрген Қазақстан құрамасының біріншілікті жалқы қоламен қорытындылауы біз күткен нәтиже емес. Кемінде бір алтын аламыз деп жүргенде, өзбек пен моңғолдың шаңына ілесе алмағанымыз бұл салаға өзгеріс пен жаңарту керек екеніне айқын дәлел болғандай. 2008 жылы Куба құрамасы Олимпиада алтынынсыз қалғанда барша жұрт олардың келешегі кемел екеніне сенген.Айтқандай-ақ болды, іле-шала Мәскеуде өткен әлем кубогында олар бар медальды жинап алса, бүгін ақтық айқасы өтетін біріншілікте де бастарынан бақ таймағанын дәлелдеп бағуда. Біздің жағдай да осыған ұқсас.  Төл мектебі мен жеңісті дәстүрі қалыптасқан қазақ боксындағы бұл тоқырау ұзаққа созылмауы тиіс. Ол үшін бапкерлер құрамы ауысып, шын таланттар сұрыпталып алыну керек. Сонымен, біздің құрамаға не жетпеді? Неліктен әлем чемпионатынан алтынсыз қайттық? Көкейтескен осы сауалдарымызды көлденең тосып біздің  біраз азаматтарды мазалауымызға тура келді.

Болат Жұмаділов, Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері, Әлем чемпионы:

Таланттар шығады талай...

Рас, Аппенин түбегіне аттанған біздің құрама шын мәнінде әлсіз еді. Мәртебесі биік бәсекелерде бұрын-соңды ел намысын қорғап көрмеген боксшылардың тісққақан шеберлермен бетпе-бет жүздесіп, тәжірибе аздығынан жеңіліске ұшырауы заңды да. Бірақ, талантты жастардың өсіп келе жатқанын жоққа шығаруға болмайды. Келешекке сенуіміз керек. Әлем чемпионатында алтын алмадық, енді қазақ боксы құрып-бітті, болашағы жоқ деген жаңсақ пікірден аулақ болған өте дұрыс шешім. Қазақ жұдырығының құдыретін танытатын таланттар шығады әлі.

Еркебұлан Шынәлиев, Әлем біріншілігі мен Олимпиада ойындарының қол жүлдегері:

Құрамаға қайта ораламын...

Әлем біріншілігінде жеңілуіміздің басты себебі - құраманың жастармен толығып жаңаруы. Серік Сәпиев пен Қанат Әбутәліпов қана шоқтығы биік, шын мықтылар жиналатын сайыстардың дәмін татқандар. Жас боксшыларға ең алдымен тәжірибе жетіспеді. Миландағы бәсекеде олар үлкен сабақ алды деп ойлаймын. Мен жаттығу жұмыстарына енді кіріскелі жатырмын. Біраз үзіліс алдым, енді  ұлттық құрамаға қайта оралмақ ойым бар.

Жандос Айтбайұлы, «Хабар» арнасының спорт шолушысы:

Бапкерлердің бәрі орнын босатсын...

Алтынсыз қалғанымыз ұят болды. Бұл жерде Серікке еш кінә артуға болмайды, себебі, қарсыласының бойы мен қолдары ұзын. Бұрын еш жерде көрінбеген, демек екі дүркін әлем чемпионын әбден зерттеп алды. Алыстан соққы жұмсамай, қоян-қолтық ұрысқа бару керек еді Сәпиевке. Миландағы сәтсіздіктен кейін бапкерлер құрамы толығымен ауысуы керек, әйтпесе, бокстан ілгері басушылық байқалмайды. Жастардың тәжірибесі жоқ, психологиялық тұрғыдан дайын болмады деп ақтала бергенше, психологтармен жұмыс істеген әлдеқайда тиімді болар ма еді?! «Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол іздеген» дұрыс қой.

Бауыржан Әліқожа, бокс жанкүйері:

«АИБА-да адамымыз болса, шіркін!»

Серік жеңілгенде жаным күйіп кетті десем өтірік емес. Қазақ боксшылары бірінен соң бірі қатардан шығып қалғанда ішім күйді. Бір жағынан төрешілер де бұра тартып, кесе-көлденең жатып алды жолға. Әйтпесе, Рустам Сываевтың аяқ алысы тым жақсы еді. Өзбектер озды, өйткені АИБА-да адамдары бар. Бізге де жоғарыдан адам сайлау керек, әйтпесе алысқа бармаймыз. Сонсоң, әрине бапкерлерді орнынан алу керек. Бейжіңде жалғыз алтын болса да, жоғары марапат болды ғой. Ал, Миланнан еш нәтижесіз оралдық. Қазақ боксының қарқыны құр қоламен өлшенбеуі керек.

Абай-ақпарат.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1475
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3249
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5450