Газа секторына азық-түлік тарату тоқтатылды
Біріккен Ұлттар Ұйымының дүниежүзілік азық-түлік бағдарламасының басшысы Газа секторына азық-түлік таратуды тоқтатты.
Синди Маккейн мұндай шешімнің қабылдануына сектор тұрғындарының бағдарлама қызметкерлеріне жиі шабуыл жасап, қарақшылықтың жиілетуі себеп болғанын хабарлады.
Бағдарлама мәліметінше, жексенбі күні босқындарға азық-түлік таратуға келе жатқан жүк көліктерге Вади-Газа кеден бекетінде оқ атып, бір топ аш адам қоршап алып, жүкті тонауға талпынған. Дүйсенбі күні жүк көліктерінің тағы бір көшін жолда тоқтатып, тонап кеткен. Зардап шеккендер де бар. Азық-түлік үлестіріп жатқан уақытта да адамдар жиі төбелеседі, делінген жоба мәлімдемесінде.
БҰҰ бағдарламасы Газа секторы мен Иордан өзенінің батыс жағалауларында 1,4 миллионға жуық палестиналыққа гуманитарлық көмек беріп отыр.
Abai.kz