Таиландтағы еңбек құлдығынан екі қазақ босатылды
Таиландта еңбек құлдығына түсіп қалған екі қазақстандық босатылды деп хабарлады сыртқы істер министрінің баспасөз хатшысы Айбек Смадияров.
Мәлімдемеге сүйенсек, өткен айдың соңында Қазақстанның Тайландтағы консулының мессенджеріне Алтын үшбұрышта қазақ азаматы еңбек құлдығында деген хабарлама келіп, көмек сұраған.
"Жергілікті билікпен келісіп әрекет еткеннен кейін, ол жақта шын мәнінде біздің екі қазақстандық азамат барын анықтадық. Бір ай бойы оларды босату үшін қолымыздан келгеннің бәрін жасап, келіссөз жүргіздік. Қазір олар босатылды, Қазақстанға келе жатыр", - деді Смадияров.
"Жоғары жалақы төлейміз" деген жарнамаға алданған екі азаматымыз бұл аудандарда еңбек құлдығы барын біле тұрған барған.
"Қазақстан азаматтарына шетелге жұмыс істеуге шығар алдында барлық келісім-шартты мұқият қарауды, тексеруді сұраймыз. Бұл сіздің тағдырыңыз, сіздің өміріңіз. Оларды аман-есен босатып алдық. Өте қайғылы жағдайлар кездеседі", - деді Айбек Смадияров.
Abai.kz