Жұма, 15 Мамыр 2026
2279 3 пікір 22 Ақпан, 2024 сағат 18:04

Путин: Орыс тіліне көңіл бөліп жатқаны үшін рақмет!

Сурет: www.centralasian.org сайтынан алынды

21 ақпан - 3 наурыз аралығында Татарстанда өтіп жатқан "Болашақ ойындары" спорт жарысына ТМД елдерінің басшыларын шақырылған.

 Сәйесінше, Қырғызстан президенті Садыр Жапаров 21 ақпанда Ресей басшысы Владимир Путинмен Қазанда кездесу өткізді.

Ресми мәлімет бойынша олар екі елдің қарым-қатынасын одан әрі нығайту мәселесін сөз еткен. Өз кезегінде Путин қырғыз билігіне орыс тіліне көңіл бөліп жатқаны үшін ризашылығын білдірген.

Кремль ұйымдастырып жатқан бұл шараға ТМД елдерінен, Оңтүстік-Шығыс Азия, Латын Америка және Африка елдерінен 277 команда қатысатыны хабарланған.

Мәліметке қарағанда, "Болашақ ойындары" спорт жарысына 10 миллион доллар қаржы бөлінген.

Abai.kz

 

3 пікір

Үздік материалдар

Әдебиет

Өлген кітаптар

Тұрдыхан Айдарханұлы 2756
Әне, көрдің бе?

Американың қаржылық жүйесін кімдер ұстап тұр?

Бейсенғазы Ұлықбек 1873