Бүкіл Қазақстан бойынша дабыл белгісі қосылады
2024 жылдың 23 ақпанында еліміздің барлық өңірлерінде жоспарлы сейсмикалық жаттығулар өткізіледі, деп хабарлайды Abai.kz.
Сейсмикалық жаттығулардың негізгі – мақсаты жер сілкінісі қаупі мен орын алуы кезіндегі іс-әрекетке халықтың дайындық деңгейін арттыру.
Құтқарушылар жер сілкінісі болған жағдайда мына 10 кеңесті есте сақтауға шақырды. Олар не дейді:
- Сабырлы болыңыз, үрейленбеңіз;
- Жер сілкінген кезде лифтті пайдаланбаңыз;
- Жиһаздардан, терезелерден, люстралардан алыс жүріңіз;
- Сенімді, берік орын табыңыз: егер сіз жоғарғы қабатта болсаңыз, қабырғалардың бұрышынан орын алыңыз;
- Үй-жайдан шығыңыз (көпқабатты үйлерде – дүмпу тоқтағаннан кейін);
- Суды, газды, электр қуатын өшіріңіз;
- Алдын ала дайындалған шұғыл сөмкені алыңыз;
- Электр желілерінен, ғимараттардан, ағаштардан аулақ болыңыз;
- Жер асты дүмпулеріне дайын болыңыз;
- Балаларға, қарттарға, мүгедектерге көмек көрсетіңіз.