Ташкентте әр айдың бір күні жеке көлікпен жүруге тыйым салынады
Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев "Өзбекстан – 2030" стратегиялық бағдарламасын бекітті. Ерекшелігі со да автокөліктердің қоршаған ортаға тигізетін зиянын азайту мақсатында "Автомобильсіз күн" шарасы ұйымдастырылмақ.
Іс-шара барысында биылғы 1 наурыздан бастап әр айдың бір жұмыс күнінде қала ішінде жеке автокөлікпен жүру шектеледі. Рұқсат тек қоғамдық транспорттар мен арнайы және шұғыл қызметтердің көліктеріне беріледі.
Тіптен, "Автомобильсіз күн" шарасы ұйымдастырылған күні республикалық және атқарушы биліктің барлық басшылары мен қызметкерлері жұмысқа қоғамдық көлікпен қатынап, тұрғындарға үлгі көрсетуі тиіс.
Алайда, шара айдың қай күнінде ұйымдастырылатыны стратегияда нақтыланбаған.
Мұндай іс шараның экологияға тигізер үлесі де зор болмақ. Мүмкін Алматыға да қажет шығар осындай жобалар. Ал сіз қалай ойлайсыз?
Abai.kz