Қазақстандықтар қолма-қол ақша алуға кірісті
Астанада өткен брифингте ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Қазақстандықтардың қолма-қол ақша алуға кіріскенін хабарлады.
Мобильді аударымдарды тексерудің төлем жүйесіне әсері туралы айтқан Тимур Сүлейменовқа журналистер банктердегі аударымдар саны қаншаға азайғаны жайлы сұрақ қойды.
"Қаңтарда бұл төлемдер шамамен 30 пайызға төмендеді. ...Адамдар қолма-қол ақша алуға кірісті. МКК тарапынан түсініктемелер мен кеңестер ұсынылғаннан кейін, менің ойымша, бұл жағдай тынышталды және болашақта да тынышталады. Өйткені ондай қорқынышты ештеңе жоқ. Қолма-қол ақшасыз төлемдер деңгейі қалпына келеді деп үміттенеміз", - деді Тимур Сүлейменов.
Ол мобильді аударымдарды тексеру Ұлттық банк қызметіне кірмейтінін атап өтті.
Abai.kz