Тағы да жедел жәрдем жүргізушісі опық жеді
25 ақпаннан 26 ақпанға қараған түні тағы да жедел жәрдем жүргізушісіне шабуыл жасалынды. Қазнетте дәрігерлерді күткен жедел медициналық жәрдем жүргізушісіне екі ер адамның шабуыл жасағаны көрінген видео тарады.
Полиция бұл оқиға болғанын хабарлайды.
– Көпқабатты үйдің ауласында белгісіз адамдар медициналық қызметкерлермен бірге шақыруға келген 45 жастағы жедел жәрдем жүргізушісіне дене жарақатын салды. Жәбірленуші ауруханаға жүгінді. Полиция 25 және 29 жастағы екі күдіктіні ұстады. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды, - деп хабарлады өңірдің полиция департаменті.
Abai.kz