Құлыбаев кетті. Головкин келді
Геннадий Головкин Қазақстан Республикасы Ұлттық Олимпиада комитетінің (ҰОК) президенті болып сайланды.
2015 жылдан бері бұл қызметті Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың күйеу баласы, олигарх Тимур Құлыбаев атқарып келген.
ҰОК соңғы кездері жұртшылықтың сынының нысанасына айналған еді.
Басшылықтағы ауыс-түйіс комитетке қатысты сыни пікірлерден кейін орын алды.
Айта кетейік, Геннадий Головкин 1983 жылы Қарағандыда дүниеге келген. Орта және екінші орта салмақ дәрежесінде өнер көрсететін кәсіпқой боксшы. Әуесқойлар санатында Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері (2004), әлем чемпионы (2003). Кәсіпқойлар арасында ол IBF, WBA және IBO нұсқалары бойынша екі дүркін әлем чемпионы атанған.
Abai.kz