Жексенбі, 29 Қыркүйек 2024
1133 0 пікір 27 Ақпан, 2024 сағат 16:15

1 наурыздан бастап намаз кестесін жаңартады

Сурет: ҚМДБ сайтынан алынды

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Қазақстанның бір уақыт белдеуіне көшуіне байланысты намаз уақыты 1 наурыздан бастап жаңаратынын хабарлады.

"29 ақпаннан 1 наурызға қараған түні сағат 00:00-де Қазақстан бойынша UTC (Дүниежүзілік үйлестірілген уақыт) +5 уақытына ауысқан сәтте намаз уақыттары да автоматты түрде өзгереді. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ресми www.muftyat.kz сайтындағы намаз кестесінен өздеріңізге қажетті ауыл мен қаладағы намаз уақыттары жайлы мәліметтерді алуға болады", – делінген діни басқарманың хабарламасында.

Еске салайық, 2024 жылдың 29 ақпанынан 1 наурызға қараған түні сағат 00:00-де Астана, Алматы, Шымкент, Абай, Ақмола, Жамбыл, Жетісу, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Түркістан, Ұлытау және Шығыс Қазақстан облыстары жергілікті уақытты 1 сағатқа артқа жылжытады. Сәйкесінше, Қазақстанның барлық аймағы 5-ші сағаттық белдеуде орналасады.

Abai.kz

0 пікір